№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» Үлгілі кітапханашы

Үлгілі кітапханашы


ҚОҒАЛЫКӨЛДІҢ ҚЫЗЫ, ҚОЖАКЕНТТІҢ КЕЛІНІ

Осы Алмагүл неге балажан, төңірегіне періште пейіл иелері көп жиналып, тел емген ортақ анасындай ортаға алып, айтқанын бұлжытпай орындай кетеді дейтінмін. Сөйтсем, ол 1997-2000 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің «Бастауыш сыныпта оқыту», қосымша «Би үйірмесінің жетекшісі» мамандықтары бойынша бітіріп, еңбек жолын Жаңақорған ауданы Қожакент ауылындағы И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалимасы болып жұмыс істеумен бастаған екен. Демек, Алмагүл Зейнуллақызының бала бағбаны болған борышы бүгінгі кітапханашыға дейінгі бірінші баспалдағы екен ғой.Алмагүл Рүстемова туралы алғашқы түйінді ой түюіме белгілі фототілші Болат Омарәлі ағамның мақтанышпен айтқан сөзі себеп болды. Себебі ол Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылында туған. Яғни, жерлесі, жиені еді.Қоғалыкөл ауылының тарихы тереңде жатыр, көне қалалар көмбесі, әулиелердің жамбасы тиген киелі жер. Тағы кімдер шықты дейсіз ғой, қазақ театрының корифейі Сәбира Майқанова, атақты Қожықовтар, Лапиндер, ақын Әскербек Рахымбекұлы, журналист-жазушы Қайырбек Мырзахметұлының қаламына қуат берген қасиетті мекен. Ұлттың ұлы адамдары кіндік кескен текті топырақта Алмагүл де дүниеге келді, үлкен өмірге қанат қағуына қажымас қайрат, талмас талап, тағылым мен тектілік қосқан қастерлі ел. Жұмабай Байзақұлының «Қоғалыкөл қаһармандары» атты ерлік жайлы кітабы да талай әз бабаның әруағын тірілтеді. Қарашеңгел, Тастөбе мекендері мен Құлболды ишан мазары, оның медресесі де тарихи шындықтың шын бейнесі. Бұл Қоғалыкөлдің қызы үшін үлкен мақтаныш.Ал, Қожакенттің қасиеті бір бөлек әңгіме. Алмагүлдің қайынжұрты да текті әулет болып саналады. Ұшқан ұя мен қонған ұяны қатар ұстаған қағылез қыздың бағы мен бабы бірдей, екі жақ та егіздей, ешкімді бөле жармайды.Ол 2005-2010 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алды.Мұнысы бүгінгі кәсібіне керек білім нәтижесі шығар, шын мәнінде бір басында үш мамандықтың дипломы бар. Демек, Алмагүлдің көп арманы жүзеге асқан, оқимын дегенін ойын орындаған, төменнен бастап төбеге жоғарылаған жоғары білімді маман.Сонымен 2005 жылдан Қожакент ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметін атқарып келеді. Меніңше, ененің ептілігі келінге көкжиек болса керек. Олай дейтінім, енесі Назипа Алманова 1972-2005 жылдар аралығында 33 жыл бойы бір орында, Қожакент ауылдық кітапханасының кітапханашысы қызметін атқарған кісі. Ана аманатын арқалаған Алмагүл бүгінде ауылдың да мерейін асырған мақтаулы маманға айналды. Қазір Қожакент халқы оны құрмет тұтады, өз ісінің өнегесін көрсеткен таңдаулы тұлға ретінде сыйлайды. Бәлкім, кітапханашы болған 17 жыл ішінде тек Алғыс алып, абырой көгіне шыққан кәсіби ісі көпке көзайым болғаны шығар.Ол сондай-ақ Қожакент ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы, қоғамдағы ауыл әйелдерінің ролін өсіруде өзіндік қолтаңбасы ерекше. Ал, әйел қауымына жетекшілік жасау үшін өзің үлгі болуың шарт. Алмагүлдің жетістігі тек жұмысымен шектелмейді, ол отбасының да орайында озық орны бар.Жолдасы Бақытжан Құдайбергенов негізінен ауыл шаруашылығы саласының маманы. Бүгінде жеке кәсіпкер. Адал маңдай терімен абыройға жеткен жігіт ағасы. Олар 3 қыз, 1 ұл өсіріп, үлкен қыз бен ұлы мемлекеттік грант иеленіп, Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарының үздік студенті. Ал, кіші екі қызы мектептің үздік оқушылары. Бала бақытын сезінген ата-ана олардың тілекшісі.Қоғалыкөлдің қызы, Қожакенттің келіні – Алмагүл Рүстемова 2010 жылы «Жылдың үздік мәдениет қызметкері» атағын меленді. Мұнан бөлек кеудесіне «Елеулі еңбегі үшін», «Абай Құнанбаев» медалін тақты. Ал, оған деген халықтың алғысы марапаттың ең мәртебелісі.Қазір кітапхана қорында 13529 кітап бар. Оқырманы жылдан жалға көбейіп келеді. Өйткені оның шаралары шынайы, уақытпен үндескен тақырыптар және ол оқырманның ойынан шығады.Жалпы, ел Алмагүл арқылы ауылды, ауыл арқылы Алмагүлді танып, үлгілі кітапханашы үрдісі қалыптасты.
---
04 сәуір 2022 ж. 393 0