№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Жақсы бала сүйініш

Жақсы бала сүйініш

Бала тәрбиесі – болашақтың уығы дейміз. Өйткені келешек ұрпаққа бүгіннен бастап дұрыс бағыт-бағдар беріп, тура жолға сала білсек, еліміздің ертеңі де жарқын болмақ. «Баланы жастан» деген бабамыз бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамаған.
Атам қазақ «Жақсы бала – сүйініш, жаман бала – күйініш» деп бекер айтпаса керек. Жасыратыны жоқ, бала тәрбиесі жеңіл-желпі мәселе емес. Осы орайда француз ағартушысы Жан-Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, қалай тәрбиелесең, ол да солай тәрбиеленеді» деуі сөзімізге дәлел. Демек жалпы ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы екені рас. Алайда өзекті өртейтіні кейбір балалардың телефонның жетегінде кетіп, оғаш қылықтар көрсетіп жүргенін естіп жүрміз. Психологтардың пайымдауынша, басты себеп ата-анасы балаға жеткілікті көңіл бөлмегендіктен әке-шешенің махаббаты, мейірімі жетіспейді екен. Ата-ана мен бала арасындағы мұндай қарым-қатынас рухани жұтаңдыққа, психологиялық күйзеліске ұшыратады. Көптеген ата-ана баласының тамағын тоқ, көйлегін көк қыламыз деп жүріп бала тәрбиесінің кетеуін кетіріп алады. Содан қадағалаудың жоқтығын сезінген бала түрлі оқиғаларға тап болып жатады.
Кім баласын жаман болсын дейді?! Әр ата-ана өз баласына тек қана бақыт тілейтіні белгілі. Шаранасы бесікте іңгәлап жатқанда-ақ балам қандай болып өседі екен, кім болады деп армандайтыны анық. Атам қазақ «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді жас ұрпаққа ұғындырып, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеген. Әу бастан санасына қарынның қамын емес, халықтың қамын ойлауды сіңіріп өсірген. Олай болса «Балаң жаман болса, арың кетер» деген. Сондықтан желкілдеп өсіп келе жатқан әр жеткіншектің жеріне пайдасы тиетін ұлтжанды, елдің тұтқасын ұстар тұлғалы азамат болып жетілуіне үн қосу баршамыздың ізгі борышымыз дегім келеді.
Өзім кенттегі №110 мектептің 3 сыныбына жетекшілік етемін. Сыныпта үшжақты мұғалім, ата-ана, оқушы тығыз байланысып, оқу тәрбие жұмыстарын бірлесіп жүргіземіз. Бұл мынадай індет жайлаған уақытта тиімділігін көрсетті. Әрбір мұғалім баланың бойына білімдарытсам десе, ата-аналар да баласының білім алуына жағдай жасады. Бұл нәтижеге жетудің төте жолы.

Закира Мұхамәдиқызы
---
18 сәуір 2021 ж. 784 0