№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әжелер - отбасының берекесі

Әжелер - отбасының берекесі


Қазақ отбасындағы әженің орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылшысы. Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды. Осы орайда Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің 3 «А»- сыныбында өткізілген «Әжем және мен» атты сайысқа төрт әже мен немерелер қатысты. Олар Айсұлу әжей немересі Даниялмен, Қуаныш әжей немересі Айшолпанмен, Сара әжей мен немересі Ақбота, Гүлшат әжей немересі Дамирамен сайысқа түсті. Әр сайыскерлер өздерін өлең жолдары мен презентация арқылы таныстырды. Сайыс төрт тапсырмадан тұрды. Бірінші тапсырмада әр әже мен немере отбасы тәрбиесіне байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып айтып, мағынасын түсіндірді, өмірден мысалдар келтіріп дәлелдеді. Екінші тапсырмада әжелеріміздің қолөнерін немерелеріне қалай дарытып жүргендігін айта кетіп, өздерінің қолдан жасаған бұйымдарымен таныстырды. Үшінші тапсырмада әжелеріміз бен немерелеріміз тыйым сөздің мағынасын түсіндіріп, өздерінің күнделікті қолданып жүрген тыйым сөздерін атап өтті.Төртінші тапсырмада әжелеріміздің «Айлалы түлкі», «Әжесі мен немересі», «Арыстан мен тышқан», «Үй жануарларының айтысы»жайында құрастырған ертегілері көп көңілінен шықты. Әр тапсырма сайын сынып оқушылары әжелеріміздің құрметіне өлеңдер оқып, ән шырқап, би биледі. Әділазылардың шешімі бойынша Нургазин Даниялдың әжесі «Зиялы әже», Сәуекенова Айшолпанның әжесі «Сымбатты әже», Бир- магамбетова Ақботаның әжесі «Өнерлі әже», Нурпеилова Дамираның әжесі «Мерейлі әже» номинацияларын иеленді. Бізді отаншылдыққа, татулық пен туыстыққа, сыйласымдылық пен адалдыққа, білімге деген құмарлыққа, үлкенге құрмет, кішіге ілтипаттық тәрбиені әжелерден алады екенбіз. Әжелер тәрбиесін бойымызға сіңіре білсек, Президентіміз қойып отырған ұлы мақсат – бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосыла аламыз деген сенімдеміз.

Ерлан АБДРАСИЛОВ.
03 сәуір 2020 ж. 6 196 0