№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балабақша қашан ашылады?

Балабақша қашан ашылады?

Балабақша қашан ашылады? Бұл сұрақ бала бағып отырған әрбір ата-ананы қызықтыратыны анық. Себебі карантин кезінде бала бағу аса ауыр іс екенін терең түсіндік.

Карантиндік режимнің қағидалары уақытқа қарай жеңілдетіліп, «балалақшалардың кезекші топтары қызметін бастайды» деген хабар тарасымен-ақ, балабақшаға өтініш жазуға асыққан ата-аналардың легінен-ақ, бала тәрбиесі үшін балабақшаның орны ерекше екенін ұғындық. Бүгінде ауданда 3-6 жастағы балалар балабақшамен 100 пайыз қамтылып, Сыр өңірі бойынша көш басында келеді. Кезінде «Балапан» бағдарламасы аясында кенттің өзінде 50-ден аса балабақша іске қосылған еді.
Деректерге жүгінсек, мектепке дейінгі ұйым саны – 123. Оның ішінде, мемлекеттік балабақша – 26, жеке балабақша – 76, шағын орталық – 21. Тәрбиешілер саны – 644, ал тәрбиеленушілер саны – 6213.
Осыншама баланы бауырына басып, келешек елдің тізгінін ұстар ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселесі. Тәрбиеші қандай болу керек? Оған қоғамның көзқарасы қандай? Әрине өз кәсібін жан-тәнімен берілген, баланың тілін де жанын түсіне білетін маман жауапкершілік жүгін көтере алады. Мұндай философиялық қағида бағзы заманнан қалыптасқан жоғары адамгершіліктік ұғымдармен астасып жатыр. Ал тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай іс болғанымен, ауыртпалығын карантин кезінде сезіндік. Тіпті өз кіндік баласының еркелігі мен қылығына шыдай алмаған ата-аналардың назын естідік...
Осы ретте келешекті кемелді ететін ұрпақ тәрбиелеп жатқан тәрбиешілердің еңбегін таразыладық. Әрине әр адам әр түрлі. Дегенмен тәрбиешілік жолда үлкен ізденіс үстінде жүргені қаншама. Күнделік жұмыс деп емес, ауыр жауапкершілік деп қабылдайды. Өйткені жан-жақты жетілген, көзқарасы қалыптасқан жасөспірімді қалыптастыру оңай шаруа емес.
– Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады. Олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін, – деді «Жұбаныш» шағын орталығының тәрбиешісі Ғалия Осжанова.
Француз ағартушысы Жан-Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген ұлағаты бар.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке деген құлшысын ояту нағыз тәрбиешінің қолынан ғана келетіні анық. Мұндай тәрбиешілер балабақшаның мән-мазмұнын арттырады.
Мұны МАИ бекетінің тұрғыны Айнұр Анарбек те қолдайды. Оның сөзінше, екі қызын балабақшаға береді. Қыздары тәрбиешіге қатты бауыр басады. Содан тәрбиешісі белгілі себептерге байланысты жұмыс орнын ауыстырды. Қыздары әлгі тәрбиешіге бауыр басқаны соншалықты, күнделікті барып жүрген балабақшасын жерсінбейді. Осы себепті олардың да балабақшасын ауыстыруға тура келеді.
Яғни өз ісіне берілген, жүрегі мейірімге толы тәрбиеші балаға тәлімді тәрбие сіңіруде шешулі рөл атқарады. Бұдан шығатын қорытынды, балабақша – тәрбие ошағы.

Мақпал МАРҚАБАЙ
02 маусым 2020 ж. 905 0