№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» Жас ұрпақ жаңа модельмен тәрбиеленеді

Жас ұрпақ жаңа модельмен тәрбиеленеді


Сыр өңірінде 3-6 жастағы балаларды қамту 10 пайызға шешімін тапты. Дегенмен тәрбие орталықтарының заманға сай болуы, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру мәселесі бар. Бұл республика бойынша ортақ жағдай. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді. Оны енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Бұл үшін «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі. Тәрбиешілерді даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі, бағдарламалар жаңарады.


Расында мектепке дейінгі білім беру саласында елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Осы аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі мектепке дейінгі тәрбиемен қатар білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру болып табылады. Білім берудің мазмұнын жаңарту бұл болашақ ұрпақ тәрбиесін жаңа сапалық деңгейге көтереді. Жас өскін жаңа нәрсені қызығушылықпен қабылдайды, әлемді танып білуге аса бейім болады. Мектепке дейінгі білім беру баланың белгілі бір дағды біліктерін дамытуға бағытталуы тиіс. Кеңес заманының психологы Даниил Элькониннің пікірінше «Келесі анағұрлым жоғары даму кезеңіне келесі сатыға өту арқылы шешілетін ішкі қайшылықтар немесе қажеттіліктердің қаншалықты пісіп жетілгенге дейін жасалатын болса, бұл тұлғаның қалыптасуына кейде кері әсерін тигізуі мүмкін» дейді.
Қазіргі заманғы бірқатар зерт­теулерде 3 жастағы балаларға мүмкіндік жасалған жағдайда, олар өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті екендігі анықталды. Бөбек жасына қарамастан өз оқуына саналы қарай бастайды, тапсырмаларды орындау үшін өзіндік әдіс-тәсілдерді қолданады, сондай-ақ өзін оқушы ретінде сезіне бастайды. Өзін-өзі реттеумен мета-танымдық дағдыларды дамыту бұл балалардың саналы оқушы болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратыны айқындалды. Зерттеулер аталған қабілеттерді 3-5 жас аралығында тиімді дамытуға болатынын көрсетіп отыр. Осы тұста ауданымыздағы мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жауапты маманы Фатима Тұртановамен тілдесіп, жаңа бағдарламаның енгізілу барысын сұрап білген едік.
– Бұл бағдарламаның ерекшелігі, білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатты ұстана отырып, инклюзивті (ерекше білім беру қажеттілігі бар) балаларға тіке­лей назар аударамыз. Ахмет Байтұр­сыновтың «Баланың ойыны қайсы, жұмысы қайсы айыруға болмайды. Ойыны да-ойын, жұмысы да – ойын, бәрі ойын үстінде, ойын үшін істейді» деген сөзін тілге тиек ете отырып, ерте жастан оқыту мен тәрбиелеудің жүрегі – ойынды негізге алдық. Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбын меңгерту мақсатында, топтағы балалар сол тақырыпқа сай топтарға бөлінеді. Үш топтың ойын түрлерін де тақырыпқа сай бес білім беру саласын интеграциялай отырып түрлендіреді. Ойын үш түрге бөлінеді: құрылымдалған, тәрбиеші жетекшілігімен жүргізілетін, еркін ойын. Ойынның негізгі идеялары тиянақты реттелген. Балалардың қызығушылықтарын, ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып ойын, тапсырма, жаттығулар жасату арқылы саралап оқытамыз. Саралап оқытудың 4 түрлі тәсілі бар. Олар: мазмұн, процесс, оқу ортасы, өнім арқылы саралау болып бөлінеді. Міне, осындай нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр, – дейді жауапты маман.
Фатима Тұртанованың мына бір кеңесі де көңілге қонды.
– Тәрбиеленушілер алғаш бала­бақшаға, яғни бөтен ортаға келгенде дағдарысты бастан кешеді. Осы сәтте оның көңілін табуда нені біліп, нені меңгеруіміз керек. Осы бағытта «тиімді ата-ана мектебін» қалыптастыруымыз керек. Бала үшін ата-ананың рөлінің бірінші орында тұратынын ұғындым. Ч.Дарвиннің «Ең мықты адам емес, өзгерістерге тез бейімделе алатын адам ғана жеңіске жетеді» деген пікірін ескере отырып, алдағы уақытта жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеу әлдеқайда тиімді екендігіне көз жеткіздім. Қазіргі альфа ұрпақтарының талабы, білімі жан-жақты жетілген тәрбиешілердің болуы. Өздерін толық қамтамасыз етуін талап етеді. Бала көңілінің қалауын таба отырып, тұтас бала бейнесін қалыптастырып, мектепке қиындықсыз өтуін қамтамасыз ету біздің басты міндетіміз. Жалпы алғанда, баланың тілдік дағдыларын қалыптастыра отырып, заман тала­бына сай ұрпақ тәрбиелеп шығару, – дейді ол.
Рас, бала болашағымыз. Бұл күнде мәңгілік елдің мәңгілік ұрпақтары өзіміздің мақсат-мұратымызды жақсы білуге тиіспіз. Ендеше, әрқайсымыз баламыздың тіліне, дамуына, өз деңгейінде жетілуіне аса сақтықпен қарағанымыз абзал.

Әсел РЗАЕВА

---
18 сәуір 2021 ж. 318 0