Соңғы жаңалықтар

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Елбасы тапсырмасы: Балабақша тәрбиешісіне қосымша ақы төленеді

Елбасы тапсырмасы: Балабақша тәрбиешісіне қосымша ақы төленеді

    Оның айтуынша,  министрлік мектепке дейінгі білімнің сапасын көтеру бойынша жол картасын дайындаған. Онда бірнеше ұсыныс бар және қазіргі уақытта олар талқылану үстінде. «Біріншіден - бірыңғай біліктілік, мұғалімдерге сияқты ұлттық тестілеуді енгізу. 
  Биыл 60 мың мұғалім бізге келіп, ұлттық тестілеуден өтті. 36 мың мұғалім жоғары баға алып, жаңа біліктілікке ие болды. Сонымен айлықтары 30-50 пайызға дейін көтеріліп отыр. Енді соның бәрін тәрбиешілерге ұсынып отырмыз», -деді ол. Нәтижесінде министрдің сөзіне қарағанда, бірыңғай біліктілігін арттырып, ұлттық тестілеуден өткен тәрбиешілердің айлықтары 30-50 пайызға артатын болады. «Екіншіден,  министрлік барлық тәрбиешілерді В3 блоктан В2 блокқа көтеру ұсыныстарын және есебін дайындап отыр. Келесі жылы оны мемлекеттік бюджеттік комиссияға шығаратын боламыз. Үшіншіден, мектептердегі сияқты жаңартылған мазмұнмен жұмыс істейтін педагогтарға қосымша ақы төлеу қарастырылады», - деді Ерлан Сағадиев. Еске салсақ, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы мектепке дейінгі білім беру жүйесі алдына елеулі міндеттер қойды.  

inform.kz
30 қазан 2018 ж. 1 318 0