№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БАЛАБАҚША – БОЛАШАҚТЫҢ БАСПАЛДАҒЫ

БАЛАБАҚША – БОЛАШАҚТЫҢ БАСПАЛДАҒЫ


Елбасы биылғы Жолдауда жастарға жаңа мүмкіндік берді. Яғни, келер жылды «Жастар жылы» деп атады. Бұл – қай саланың болмасын өркендеуіне, болашағына жарқын бағдар беретіні ақиқат. Әсіресе, білім беру саласында жас, тәжірибелі тәлімгерлердің жаңа бағдарламаларды игеріп, оқыту мен тәрбие ісін жетік меңгеруде үлкен септігін тигізері анық. Осыған байланысты Мемлекет басшысы мектепке дейінгі тәрбие орталықтарының жұмысына жіті көңіл бөлді.
– Бұл салада біліктілік талаптарын оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет, – деді Президент Жолдауда. Бұл балабақшаға артылар жүктің қаншалықты жауапты екенін аңғартады. Себебі, бала болашағы балабақшадан басталады. Сондықтан, құнды құжатта балалар қауіпсіздігінің маңыздылығы ескеріліп, бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету тапсырылды.
Бүгінде аудандағы мектеп жасына дейінгі балалар бөбекжаймен толық қамтылған. Олардың толымды тәрбие мен сапалы білім алуына мүмкіндік жасалынып, Елбасы тапсырмасы тиянақты жүзеге асырып келеді. Мен өзім қызмет ететін «Болашақ» бөбекжайында Жолдау аясындағы бірқатар жұмыстар жүйеленді. Яғни, заманауи жабдықтармен жабдықталып, бейнебақылау орнатылған, тәжірибелі мамандар қызмет етеді.
Өзім 90 орындық бөбекжайда «Өнерлі балақай» тобының тәрбиешісімін. Тобымда 15 бала тәрбиеленуде, 3 жасқа дейін балғындарды көбіне қолөнерге бейімдеп, ұлттық өнерді насихаттауға жұмыс жасаудамын. Мәселен, асық арқылы ұлттық ойынды жаңғыртып, жас ұрпақ бойына қазақтың ұмыт қалып бара жатқан дәстүрлерін дәріптейміз. Екіншіден, асық арқылы сауат ашуды, музыка саласындағы нота үйрену, магниттік тақта арқылы балалар өз ойын ортаға салуға тәрбиелейміз.
Сондай-ақ, математика сабағында асықтан шахмат жасауды, басқа да математикалық әдістерді қолданудың жүйесін қалыптастырудамыз. Тағы бір тәсіл қолғапқа да асық жапсырамыз. Себебі, балалардың ұйқыдан сергек оянуына оң әсерін тигізетін көрінеді. Асықпен жұмыс жасау бұл өз кезегінде баланың келешекте өз ойын толық жеткізе білуіне дағдыландырады. Бір сөзбен айтқанда, бала бойына кішкентайынан ұлттық құндылықтарды ұлықтап, патриоттық санасын жаңғыртуға тырысамыз. Жалпы, асықты оқу іс-әрекетімізде пайдалануымыздың басты себебі осында.
Жолдау аясындағы тағы бір қуантарлық жайт, келер жылдан бастап тек тәрбиешілердің ғана емес, барлық қызметкерлердің, яғни мекемеде жұмыс жасайтын техқызметкерлер және қарауылдардың айлығы көтерілетін болады.
Қорыта айтқанда, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Жолдауда білім беру мазмұнын дамыта отырып, үнемі өзгерістерге дайын болуымызды көзделді. Әсіресе мұғалімдердің мәртебесін арттыру үшін енгізіліп отырған өзгерістер көңілге үміт оятады. Жаңа бір серпіліс, білім көкжиегіне қанат бітіргендей. Сондықтан, бала тәрбиесінде жауапкершілік жүгін арқалап, саналы ұрпақ жетілдіруде жұмыла жұмыс атқаруымыз міндетті.

Әйгерім ТҰРСЫНХАНОВА,
«Болашақ» балабақшасының тәрбиеші.
20 қазан 2018 ж. 2 160 0