№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СМАРТ ENGLISH: жаңашыл жүйенің жаңалығы

СМАРТ ENGLISH: жаңашыл жүйенің жаңалығы


«Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялдық әлемге қарай бағыт алып барамыз». Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген басым бағыт. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы мен білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру керектігін жеткізді. Демек, балабақша бүлдіршіндерінің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда.
Президент нұсқаған «Ақылды технология» игілігі біздің ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу жүйесіне ене бастады. «Болашақ» бөбекжайында «Смарт English» технологиясымен ағылшын тілі сабағын өткізуді қолға алды. Мекеме басшысы Балжан Мырзахметова балабақшадағы балалардың сапалы білім алуы үшін үнемі ізденіс үстінде жүреді. Соның нәтижесінде балабақшада жаңаша білім беру қағидаты қалыптасып, тиімді технологияның игілігін көруде. Ауданда тұңғыш «Смарт English» технологиясын меңгерген ұстаз Анар Мамешова:
– «Смарт English» технологиясы – баланың тіл игеруіне, ойлау жүйесінің жылдамдауына арналған құрал. Осы құрал арқылы үлгерімі төмен балаларды сабаққа қызығушылығын арттырып, қарапайым заттардың ағылшын, орыс және қазақ тіліндегі аудармасын біле аламыз, – деді. Ағылшын маманына тәрбиеші Әлия Бекмырзаева мен Ғалия Үсенова жәрдемдеседі.
Смарт құрылғының құрылысы қарапайым әрі балаға ыңғайлы. Оның сиқырлы қаламын қосқан сәтте баланың көңілін көтереді. Суреттегі бейнеленген заттардың үш тілдегі атауын айтып, бірге қайталауға мүмкіндік береді. Осылайша тіл сындыруға тез бейімдейді. Келесі фунциясында қызықты ертегілерді үш тілде айтады. Бала санасына үш тілді жеңіл сіңіретін құрылғының артықшылығы көп. Смарт қалам арқылы үш тілде ән шырқауға да болады. Міне, осындай сиқырын ашқан Анар Әлімханқызы сабақ барысында үнемі смарт құрылғыны пайдаланатынын айтты. Сондықтан болар, мұнда өтетін шараларда бүлдіршіндер үш тілде өнер көрсетіп, тіл игерудің құпиясымен бөліседі.

ТҮЙІН. Заманауи технологияны ең бірінші қолданған – АҚШ, Канада және Оңтүстік Корея мемлекеттері Смарт сабақтың экономикалық, әлеуметтік және зейіндік тиімділігі бар екенін мойындаған. Демек дамыған елдің үрдісіне ілесу үшін мектепке дейінгі ұйымдарды тиімді технологиямен қамтамасыз ету міндеті тұрғандай.
17 сәуір 2018 ж. 1 267 0