№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Биыл 405 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды

Биыл 405 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды

  Республика бойынша биыл жаңа оқу жылында оқитын оқушылардың саны 3 миллионнан асады. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".

«Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындалу бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізіп жатыр. Осы жерде ең маңызды бағыттарды атап өтсем: оқулықтармен қамтамасыз ету жұмысын жүргізу, білім беру нысандарын пайдалануға беру, балаларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері. Мектепке дейінгі тәрбие бойынша айтар болсам, 2018 жылғымен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 279-ге көбейді. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95,2 пайызды құрайды. Қабылданған шараларға қарамастан, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының, Түркістан мен Алматы облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарында кезек әлі де сақталуда», - деді министр.

  Асхат Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, мемлекеттік балабақшаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Күрделі жөндеу 49 балабақша бойынша қарастырылған.

«Оның 33-де күрделі жөндеу қазіргі уақытта аяқталды. Қалғандарының жөндеу жұмыстары тамыз айының соңында шегіне жетеді. Жалпы, мектепке дейінгі ұйымдар жаңа оқу жылына дайын», - деді ол.

Министрдің айтуына қарағанда, биыл мектептерде 3 млн-нан астам бала білім алады. «2016 мемлекеттік мектеп жұмыс істейтін болады. Жаңа оқу жылында мектептерге 3 млн-нан астам бала келеді. Биыл 405 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Жалпы, өткен жылдың көрсеткішпен салыстырғанда 20 мыңға көп», - деді министр.

www.inform.kz
13 тамыз 2019 ж. 1 193 1

Chance от 6 маусым 2025 13:25
Great info, Thanks! casino en ligne Nicely put, Appreciate it. casino en ligne Nicely put, Thank you! casino en ligne francais Thanks a lot. I enjoy this. casino en ligne francais Thanks. Quite a lot of knowledge! casino en ligne francais You actually revealed this adequately. casino en ligne France You actually stated that adequately! casino en ligne francais Cheers! Valuable information! casino en ligne francais Wonderful facts, Thank you! meilleur casino en ligne Terrific posts, Thanks a lot. meilleur casino en ligne