№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Көгілдір отынның қауіпсіздігі

Көгілдір отынның қауіпсіздігі


Көгілдір отынның игілігін көріп отырған тұрғындардың жайына келсек. Жасыратыны жоқ, кентте жылу маусымы басталысымен алғашқы оқыс оқиға орын алды. 19 қазанда Т.Бигелдинов көшесіндегі тұрғын үйде таңғы сағат 09:00 шамасында газдан улану орын алып болып, ауруханаға 5 адам түседі. Дер кезінде медициналық көмек көрсетудің салдарынан жапа шеккендер қатарға қосылды. Десе де, кейіннен белгілі болғандай, табиғи газ пайдаланушының тұрғын үйіне барып тексеру барысында газ пеші тартпай, газдың иісі ішке ұрған, өйткені мұржасы қоқысқа толып бітелген, құстар ұя салған. Сондай-ақ  сигнализаторды ажыратып тастағаны белгілі болған.
Әрине бірнеше жыл болды, газ – жаңақорғандықтар үшін  жылулық пен жайлылық көзі болып табылады. Алайда табиғи газ ұқыпты және жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Газ қайғылы салдарға әкеп соқтырмас үшін газды қауіпсіз пайдаланудың ережесін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жаңақорған аудандық газ шаруашылығы филиалынан сұрадық. Қолда бар мәліметке сүйенсек, бүгінде кент орталығында 4800-ден астам абонент бар.Осы орайда,  тұтынушылармен тікелей жұмыс жасайтын «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС Жаңақорған аудандық абоненттік бөлімінің менеджері Роза Спатаеваны сөзге тарттық.
– Күнделікті тәжірибеге сүйенсек, адамдардың барлығы бірдей сақтық шараларын сақтай бермейтіндігін көруге болады. Табиғи газды пайдалану техникалық қауіпсіздік ережелердің қатаң сақталуын талап етеді. Еліміздің әраймағында тұтынушылардың газқондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан түрлі оқыс оқиғалар болып жатқандығын, күнделікті баспасөз құралдары ментелеарналардан көріп, хабардар болып жүрміз, – деді Роза Спатаева.
Өз кезегінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жаңақорған өндірістік филиалы апаттық жағдайлардың алдын-алу мақсатында үйіміздегі газ қондырғыларын дұрыс пайдалану – қауіпсіздіктің ең басты кепілі екендігін ескерте келе тұтынушыларға бірнеше қауіпсіздік кеңесін берді.
Біз менеджердің айтқан газ құрылғыларын қарапайым сақтықпен пайдаланудың  маңызды 5 жолын тарқатсақ. Біріншіден, жалынның түсін бақылаңыз, егер ол қызғылт сары болса – бұл құрылғының ақауы бар екенін білдіреді, газ мамандарын шақыруыңыз керек. Жұмыс істеп тұрған газ плиталар мен су жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыз және жалынға сұйықтықтар құйылуын немесе желдетуіне жол бермеңіз. Егер газ беру кенеттен тоқтап қалса, газ құрылғыларының қыздырғыштарындағы шүмектерді дереу сөндіріп, авариялық газ қызметіне 104 телефоны арқылы хабарлауы тиіс.
Екіншіден, түтіннің және желдету түтіктерінде тартымның болмауы газдың жану өнімдерімен улануға әкелуі мүмкін. Газ су жылытқыштарын, және жану өнімдерін мұржаларға шығаратын басқа құрылғыларды әр қолданар алдында, мұржада тартымның болуын тексеру қажет. Түтін және желдету жүйелерінің құрылғыларын өзгертуге, желдету каналдарын желімдеуге, газбен қолданылатын жабдықтардың түтін тартқыштарын желдету каналдарына қосуға, мұржаларды тазалауға арналған «қалталар» мен люктарды бітеп тастауға және желімдеуге болмайды. Жеке тұрғын үйлердің иелері қыста мұздату мен бітелудің алдын алу үшін мұржалардың ұштарын, сондай-ақ қысымның төмендеуіне байланысты көбінесе күз-қыс мезгілінде болатын «кері тарту» әсерінің пайда болуына байланысты мерзімді тексеріп отыруы керек.
Үшіншіден, күнделікті өмірде газды қауіпсіз пайдалану үшін ережелерді білу ғана емес, сонымен бірге пайдаланылатын газ жабдықтарының жарамдылығы да маңызды рөл атқарады. Қайғылы жағдайдың болмауы үшін пәтер ішілік және үйішілік газ жабдықтарына мезгіл-мезгіл техникалық қызмет көрсету қажет.
Төртіншіден, апаттық жағдай орын алса, газ құрылғыларын пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Құрылғылардағы және құрылғылардың алдындағы шүмектерді жабу керек. Бөлмені желдету үшін терезенің жел көздері мен терезелерді ашқан дұрыс. Ашық отты жақпаңыз, темекі шекпеңіз, электр жарығы мен электр құрылғыларын қоспаңыз және өшірмеңіз, электр қоңырауларын қолданбаңыз. Апаттық қызметіне «04» немесе «104» телефондары арқылы газдалмаған бөлмеден қоңырау шалып, шақырыңыз.
Бесіншіден, улы газдан улану жағдайы көбінесе УГОП-16 пешін пайдалану кезінде орын алып жатады. Бұл тұтынушылардың пештін жарамдылық жағдайына аса мән бермеуінен, түтіндіктің тартымдылығын уақытылы тексеріп тұрмағандығынан болады. Пеш қаланған сылақтағы жарықтар немесе сызыттар арқылы улы газ уй ішіне тарайды. Үй ішіндегі газ деңгейі 1% құрауы, адам улануына жеткілікті.
Қорыта айтқанда, жылыту маусымы басталған сәттен иістиіп ауруханаға түскендер туралы жиі айтылады және бұл тенденция жылда қайталанады. Биылғы жылыту маусымының басталғанына көпбола қойған жоқ, десе де барынша қырағылықтың – қауіпсіздік кепілі екенін әсте естен шығармаған жөн.
---
02 қараша 2019 ж. 743 0