№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» ҚЫРАҒЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

ҚЫРАҒЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудан көлемінде 2 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 1 автокөлік пен тұрғын үй ауласына жиналған 700 дана нығыздалған шөп өртеніп кеткен. Оған қоса, тұрғындар арасында көмір қышқыл газынан улану фактілері бойынша 2 жағдай тіркеліп, 8 адам көмір қышқыл газына уланып, аудандық ауруханаға түскен. Жыл басталмай жатып, осындай оқыс оқиғалардың орын алуына байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Берікбай Омаров журналистермен брифинг өткізді.

Сала басшысының сөзінше, мұндай жағдайдың орын алуына аудан көлемінде тұрғын үйлердегі от жағу пештерінің жарамсыздығынан, от жағу пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдары себеп болған. Сондай-ақ тұрмыстық пештерді салудағы қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан өрт оқиғалары мен көмір қышқыл газынан улану жағдайлары жиі орын алуда екен. Яғни, сапасы төмен майда көмірді пайдалану соңы тұрғындардың көмір қышқыл газынан улануына әкеліп соғуда.
– Өздеріңізге белгілі, тұрмыс-тірлішіктегі барлық саланың қызметі тұрғындардың игілігі үшін жасалады. Газ да, су да, электр қуаты да халықтың коммуналдық тұрмысына жеңілдік туғызу үшін пайдаланылады. Алайда олардың қауіпті жағдай туғызуы адамдардың өзіне, яғни жауапсыздығына байланысты орын алып жатады. Біздің мақсат – сақтық шараларын ескеру әрбір адамның өмірінің кепілі екенін насихаттау. Бұл бағытта, төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері адам өмірі мен денсаулығын және меншікті өрттен қорғау мақсатында тұрғын үй секторларын аралап тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізіп келеді. Десе де, кейбір тұрғындардың салғырттығы салдарынан оқыс оқиғалар орын алып жатқаны өкінішті. Сол үшін де қыс ауасы сақтық шараларына барынша қырағы болса дейміз, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Берікбай Омаров.
Сонымен қатар, сала басшысы брифинг барысында қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты 4 талапты атап өтті. Біріншіден, жылу беру пештерінің арналары тазартылып отыру қажет. Екінші, жарамсыз пештер мен басқа да жылу беру құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Үшіншіден, тұрмыстық газ қондырғыларын ережеге сай пайдалану тиіс. Төртіншіден, электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жасауын қадалағау. Одан бөлек, тұрғын үйлерде көгілдір отынды пайдалану барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, ақауы бар тұрмыстық пештерді пайдалануға болмайтынын жеткізді.
Тағы бір өзекті мәселенің бірі – жасыратыны жоқ, бүгінде көгілдір отынның игілігін көргісі келетін халық әмиянына қарап, әрекет етеді. Газ пешін орнатуға шамасы жетпегендіктен, арзанына қарекет жасайды. Кішкене тұрмыс түзелгенше, тиыннан теңге құралғанша, камин пешін орнатады. Заң бойынша елімізде сертификатталмаған ирандық пештерге рұқсат жоқ. Турасын айтқанда, тыйым салынған. Өйткені, ирандық пештердің құрылымында мұржа қарастырылмаған.
– Ирандық пештің бағасы қолжетімді болғанымен қауіпсіздігіне кепілдік жоқ. Яғни, біріншіден газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік қағидасына сай келмейді. Екіншіден, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 30-бабы, 4-тармағында:«Ғимараттардың, үй-жайлардың түтіндік және желдеткіш арналарының, инженерлік коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелері олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті» делінген. Сондай-ақ, аталмыш Заңда түтіндіктердің түзулігі жөніндегі негізгі қағидалардың орындалмауы салдарынан түтіндікте тартылыс күшінің болмауы және құрылыс нормасына сәйкес келмейтін деңгейде орнатылатыны айтылған, – дейді бөлім басшысы Берікбай Омаров.
Қысқасы, камин пештің пайдасынан қауіптілігі басым. Сондықтан тұрғын үйлердегі от жағу пештерінің жарамсыздығынан, от жағу пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін барынша сақтаған абзал.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
---
12 қаңтар 2019 ж. 1 049 1

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 05:56
Lymph Node Decrease Canine Cephalexin Amoxicillin Ndc Number Viagra 85 Ans buy generic cialis Buy Alli Online Uk In Stock Cefixime Over The Counter