№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ГАЗДАНДЫРУДЫҢ ҒАЛАМАТЫ

ГАЗДАНДЫРУДЫҢ ҒАЛАМАТЫ

   Бірнеше жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан – мұнай мен газ өндіретін ел. Біз елімізді газдандыруға міндеттіміз. Көгілдір отынның игілігін қазақстандықтар көруі тиіс» деп тапсырма берген еді. Содан бастап, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырын жүргізу басталып, Қызылорда облысының елді-мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз етудің орайы келді. Игілікті бастаманы облыс басшысы Қырымбек Көшербаев тиімді пайдаланып, бірінші кезекте Қызылорда мен Байқоңыр қаласын, Арал мен Жаңақорған кентін газдандыруға пәрмен берді. Бүгінде ғасыр жобасына баланған көгілдір отынның игілігін жаңақорғандықтар өз пайдасына жаратуда.

  Жалпы Жаңақорғанда газдандыру жұмысы жоспарға сай 2016 жылы басталуы тиіс болатын. Алайда облыс әкімінің саяси шешімінің арқасында 2015 жылдан кент тұрғындары көгілдір отынның игілігін көрді. Жоспар бойынша жүргізілетін газ құбырының ұзындығы 283 шақырым. Екі газ тарату пункті және 27 шкафты газ тарату пункті орнатылды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, кенттегі 5410 үйге газ кіреді. Оның ішінде 4756 абоненті газды толық пайдаланып отыр. Коммуналдық-тұрмыстық және кәсіпкерлік обьектілер мен мемлекеттік мекемелердің 104-і қуаты күшті көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Яғни, кент ішін газбен қамтамасыз ету 85 пайызға орындалып тұр.
– Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облысының аумағынан өтетін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының (1143 шақырым) 846 шақырымы Сыр аумағын қамтиды. «Ғасыр жобасына» баланған стратегиялық маңызды жоба аясында Жаңақорған кентіне мерзімінен бұрын газдандыру жұмысы жүргізілгені мәлім. Бұған облыс әкімінің ықпалы зор болды. Газдандыру жұмысына жауапты негізгі ұлттық оператор «ҚазТрансГаз Аймақ», ғаламат жобаның іске асуына «Қаз Мұнай Газ» АҚ ықпалы зор. Айта кететіні, жобалық құжатқа 1000 нан аса үй енбей қалды. Бұл олқылықтың орны биыл толатын болады. Яғни, газдандыруды 100 пайызға жеткіземіз, – дейді сала басшысы Есдәулет Сейілов.
Оның айтуынша, «Шалқия Цинк» ЛТД АҚ өз қаражатынан кәсіпорынға қажетті газ тарату жұмысын бастап кеткен. Осының арқасында, Шалқия кентінің тұрғындары да көгілдір отынға жақын арада қол жеткізбек екен.
Табиғи газ – Ұлы Даланың қуаты, күші, энергиясы. Өркениетке ұмтылған озық елдің бейнесі байлығымен өлшенсе керек. Сонау Ұлы Жібек жолы қазіргі «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралының бойымен тарап тұрған көгілдір отынның облыс үшін де, кент үшін де игілігі көп. Бір жағынан, қара халықтың қолын ұзартып, ауыр тіршіліктен, бейнеттен алыстатса, екіншіден, баялыш, сексеуіл, шеңгел, жыңғыл сынды табиғат өнімдерінің орнында қалуына септігін тигізді. Яғни, экологияның ластанбауы үшін де газдың үлесі оң болды.
Нұрғали Түршеков көшесінің тұрғыны Ертай Бегімов:
– Газ кіргелі үйіміз де, көңіліміз де жылынды. Бұрындары отын түсіруге көлік жалдап, отын пұталап, көмірге екі-үш күн бойы кезекте тұрып, қиналушы едік. Әрі ақшасы да қымбаттау болатын. Газ үйімізге дейін жеткелі қуанышымыз еселене түсті. Бұл қиындықтың бәрі артта қалды. Аса жоғары қуатымен лапылдап тұрған көгілдір отынның төлейтін ақшасы көмірден әлдеқайда арзан. Газ саласында қызмет көрсетуші мамандардың ілтипаты мен жұмыс сапасы да жоғары. Сол үшін осы бастаманың ауданда жүзеге асуына себепкер болған аймақ басшысына айтар алғысым көп, – дейді ақсақал.
Газдандыру – инвестициялық жоба. Тұтынған көгілдір отынға төлейтін қаражат аудандық филиалда жүзеге асады. Арнайы бақылаушылар келген тұрғындардың өтінішіне сай жұмыс жасап, қаражаттың дұрыс төленуіне көмектеседі. Бұл туралы «Каз Транс Газ» Аймақ АҚ Қызылорда облыстық филиалы, Жаңақорған аудандық газ шаруашылығының директоры Сұлтан Сәрсеновтен білдік.
Қорыта айтқанда, Елбасының бесінші бастамасы – газдандыру жұмысы әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған нық қадам. Баянды болашақ жолына жасалған озық бастама.


Ханзада ДОШАН.

15 мамыр 2019 ж. 1 203 0