№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Қыс – қыр астында, қауіпсіздікке қырын қарамайық!

Қыс – қыр астында, қауіпсіздікке қырын қарамайық!


Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары 2019-2020 жылғы жылу беру маусымында ауыл-ауылды аралап, аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын үйлерге көмірқышқыл және табиғи газын анықтайтын датчиктер орнатуда.  Бүгінгі таңға дейін мұндай сезгіштік қабілеті мол өлшегіш құралы Сүттіқұдық, Қаратөбе, Қандөз, Бесарық, Қосүйеңкі ауылы мен Жаңақорған кентіндегі аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен 57 отбасының үйіне орнатылған.  Бұл датчиктер тұрғын үйлерде көмір қышқыл газының исі байқалған жағдайда сигнал береді екен. Бұл туралы бізге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Елжан Шегебаев мәлімдеді.

Аға инженердің айтуынша, алдағы уақытта облыстық басқарма тарапынан мұндай датчиктер қосымша беріледі. Жалпы орнату жұмыстары жылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасын табады.
Хош. Жылу пешін пайдалану ережесін бұзу, сақтамау от жағу маусымы кезіндегі өрт шығудың бірден бір себебі. Қазіргі таңда аудан­да кент орталығын қоспағанда ауыл-аймақтағы барлық жеке тұрғын үйлер қыстың күні қатты отынмен жағылатын жылу пешін пайдаланады. Көптеген азаматтар, жылу пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамауы арқылы өзінің тұрғын үйіне және жақын адамдардың өміріне қауіп туғызады.
Осы тұста, аудандық төтенше жағдайлар бөліміне тіркелген оқыс оқиғалар мен атқарылып жатқан жұмыстарды білдік. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жаңақорған газ шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі бойынша акция ұйымдастырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілуде екен. Жалпы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен жыл басынан бері үгіттеу-түсіндіру жұмыстары кезінде 8991 тұрғын үйдің 39 399 тұрғынына түсіндірме жұмысы жүргізіліпті. Одан бөлек, басылым беттерінде, қоғамдық орындар мен әлеуметтік желілерде қарқынды насихат ұйымдастырған.
– Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен жыл сайын жылу беру маусымы басталар алдын адам өмірі мен денсаулығы, мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бойынша кешенді іс-шаралар атқарылады. Өткен 2018-2019 жылғы жылу беру маусымында аудан бойынша тұрғын үй секторында 10 өрт оқиғасы болды. Ал 2018-2019 жылғы жылу беру маусымы кезеңінде түтінге улану фактісі бойынша 1 адам ауруханаға жатқызылды, – деді аға инженер Елжан Шегебаев.
Сондай-ақ ол орын алып жатқан жағдайларды талдау негізінде, көптеген жағдайлар тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан болғанын жеткізді. Яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан  өрт пайда болған. Маманның айтуынша, талаптарға сәйкес жылу беру маусымында пештің түтін шығу жолдары екі-үш реттен тазалану қажет. Алайда тұрғындар жылу беру маусымында түтін жолдарын мүлдем тазаламай салғырттық танытады.
---
02 қараша 2019 ж. 714 0