Балуан болмыс
Аудандық редакцияға алып денелі қария алшаң басып кірді. Байсалды да салмақты. Сөзшең болмаса да әрбір сөзі мірдің оғында нық әрі нақты. Жанарында батылдық пен қайсарлықтың рухы алаулайтындай...
Сөзге редактор Нұрлат Байгенже араласып: «Есімі – Адырбек Ергешбаев. Төменарықтың тумасы. Жасы жетпіске келсе де әлі тың. Гір тасынан өтетін жарысқа қатысуға қауқары жетеді», деп мақтауын асырды.
Расында, әбден шыныққан спортшыдай ширақ қозғалады екен. Бойы екі метрге жететін балуан талай мықтыны иыққа жығып, жауырынын жерге тигізгендей...
Сонымен, ақсақалды әңгімеге тартып, өткен-кеткенді еске алып, қазақ спортының бүгіні жайлы сырластық...
Боз кілем төрінде қарсылас шақ келтірмеген байырғы балуанның жетістігі бір төбе екен. Ол – ең алғаш қазақ күресіне 7-класта барған. 1966 жылы облыста тұңғыш түйе палуан атанып, күреске деген ынтасы арта түседі. Кейіннен әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтейді. Мұнда да спорттық өнерді жалғастырып, еркін күрестен үздік атанады. Адырбек ақсақалдың айтуынша, әскерде жүргенде Малиновский деген мықты балуанды жеңген. Ал, ол бірнеше жылдан кейін еркін күрестен әлем чемпионы атаныпты. Міне, осындай кіл мықтылармен иық тірескен қарияға күрес өнері текпен дарыған екен.
– Негізі балуандық өнер біздің қанда бар. Бабаларымыз балуан болған. Өзім де спорттың осы түрін жастайымнан серік еттім. Күреске баулыған алғашқы ұстазым аудандық спорттың басшысы Тұрғанбай Шоңғараевқа алғысым зор. Бір кездері Сунақатада өткен жарыста түйе палуан атанып, «Волга» автокөлігін ұтып алғанмын. Одан бөлек, талай шопандар тойында атой салып, жеңіс тұғырынан көріндік. Тек күресіп қана қоймай, бокс үйірмесіне де қатыстым. 1967 жылы бокстан облыстың чемпионы атандым. Бірақ, жолдамасы бола тұра, республикаға апармай қойды, – деді Адырбек Ергешбайұлы.
Әңгіме барысында байырғы балуан Адырбек ақсақалдан бүгінгі төл күресіміздің даму жолына, бет алысына жөніндегі пікірін білдік.
– Құдайға шүкір, Мемлекет басшысының тікелей қамқорлығымен қазақ күресінің асығы алшысынан түсіп келеді. Бүгінде еліміздің әрбір ауыл-аймағында өскелең ұрпақты төл күреске баулитын секциялар жұмыс істейді. Әсіресе, ұлттық күрестің көсегесін көгерткен «Қазақстан Барысы», «Еуразия Барысы» жобасын айтуға болады. Рухымызды асқақтататын турнирді қолға алған азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Жалпы түптеп келгенде, ортақ мақсат бір. Ол – қазақ күресін Олимпиада ойындарының сапына қосу. Мәселен, жапондықтар өздерінің дзюдо күресімен бүкіл әлемді мойындатты. Сол секілді бізде жұдырықтай жұмылып, ұлттық күрестің төрт дүниенің дүбірлі додасы тізіміне енуіне күш салуымыз керек, – деді жетпіс жеті жасар қария.
Өздеріңізге белгілі, Тәуелсіздік алғалы бері еркін күрес болсын не күрестің қай түрі болмасын біздің балуандар олимпиада шыңын бағындыра алмады. Яғни, соңғысы Жақсылық Үшкемпіров десек, алтын алмағанымызға отыз жылдан асыпты. Десе де, шетелде бар бозкілем бізде де бар. Білікті бапкер мен заманауи кешенге де кеңде емеспіз. Неге нәтиже жоқ деген сауалымызға: –«спортшыларда жүрек пен мінез жетіспейді» деді ардагер спортшы. Егер елдің абыройы үшін бозкілем төрінде барын салса, намысын қайраса, жүлдесіз қалмайтынын жеткізді.
«Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші, Адырбек ақсақалдан шәкірттері жайлы сұрағанда өзінің қос ұлын атады. Бағлан мен Алмат. Еркін күрестен спорт шебері атанған Бағлан бүгінде Қазақтың спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының деканы. Ол еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты мен халықаралық турнирлерде бірнеше рет жүлде алған.
Ал, одан кейінгі ұлы Алмат еркін және қазақ күресінен бөлек гір тасын көтеруден облыстық додаларда көзге түсіп жүр.
Иә, еңбек жолын ауылда қарапайым спорт секторы болып бастаған Адырбек қария клуб меңерушісі, егін бригадирі және темір жол саласында зейнеткерлік жасқа жеткенше еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көруде.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.