№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЛТЫННЫҢ АУЫЛЫ АЛЫСТАП БАРАДЫ. КҮМІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ!

АЛТЫННЫҢ АУЫЛЫ АЛЫСТАП БАРАДЫ. КҮМІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Шыны керек ел Егемендігін алған уақыттан бері қазақ балуандары әлемдік ареналарда атой сала алмай келеді. Күміспен күплетіп, қоланы қанағат тұтқанымыз рас. Алайда, алтынның ауылы ұзап барады. Олай дейтініміз, араға жыл салып екі-үш жүлдені қанжығаларына байлайтын еркін күрестің мықтылары биыл бір-ақ жүлдемен қуантты. Оны да қоржынға Сана Артас, яғни қазіргі есімі Нұрислам Санаев есімді балуан салып берді. 
Сонымен төрткүл дүние көз тіккен еркін күрестен Әлем чемпионаты да аяқталды. Біз үміт артқан балуандар сенімді ақтай алды ма? Осыны анықтап көрейік. 
Алдымен, барша қазақ елін күмісімен құттықтаймыз! 57 келіде додаға түскен қазақстандық балуан ресейліктен жеңіліп, күмісті қанағат тұтты. Ақтық сында Заур Угуевпен белдесіп, 4:3 есебімен жеңіліп қалған жерлес балуанның жолын төрешілер қиды десек те болады. Жеңіп тұрған қазақстандық балуанға ескерту беріп, 1 ұпай көрші ағайынға кетті. Десе де, Нұрислам жарады. Қазақтың жігіттері бағындыра алмаған биылғы биіктікті қазақтсандық балуан бағындырып, қуаныш сыйлады. 
Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Әлем біріншілігінде енді қыздар мен грек-рим күресінің балуандарына сенім артамыз.
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕРДЕ КЕЗДЕСКЕНШЕ!
22 қазан 2018 ж. 1 137 0