№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ОЛЖАС – «ЖЫЛ ҮЗДІГІ»

ОЛЖАС – «ЖЫЛ ҮЗДІГІ»


Парадзюдодан әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ баласы Олжас Оразбайұлы жылдың қорытындысы бойынша Сыр елінің «Үздік спортшысы» атанды. Сондай-ақ, 2018 жылдың қорытындысы бойынша аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі «Үздік спорт бөлімдер» арасынан Қызылорда қаласынан кейінгі екінші орынға жайғасты. Қос қуанышты естіп жаңақорғандықтарға сүйіншілеуді жөн көрдік.

Жалпы, 2018 жыл Жаңақорған спорты үшін толайым табыстарға толы болды. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі спортшылар, оның ішінде шахмат, қол күрес шеберлері ел және Азия чемпионатында олжалы оралды. Солардың ізін суытпай Олжас Әлем чемпионатының биік тұғырынан көрініп, қазақ елінің мерейін асырды. Португалияда өткен әлемдік додада қарсылас шақ келтірмеген жерлес балуан жарыстың ең жас жеңімпазы атанды.
Енді жас балуанның спорттық жолына тоқтала кетсек. Машбек ауылында кіндік қаны тамған өспірім спортқа жеті жасында келеді. Оның тұңғыш бапкері Біржан Иманбаев Олжастың ерік-жігері мен қабілет-қарымын аңғарып, биік мақсаттар қоя білуге баулиды. Қажыр-қайратының арқасында қиындықтарға мойымай жаттығуларға жауапкершілікпен қарап, әлем чемпионы болуды мұрат тұтады. Биік мұрат-мақсатпен қанаттанған Олжас түрлі деңгейдегі турнирлерде шыңдалып, кейіннен ел чемпионатында дара шығады. Одан кейін дзюдода бағын сынауға бел буады, әрі бірнеше ірі-ірі турнирлерді жеңіп те үлгереді.
Сыр өңірінің білікті бапкерлерінің бірі – Руслан Беркімбай оның дарынын көріп, шеберлігін шыңдау мақсатында жарыстарға жиі шығара бастайды. Жас балуанның дзюдодағы баспалдағы 2016 жылы басталады. 2017 жылы алғаш әлем кубогіне қатысып, күміспен қуантса, биыл қолаға қол созады. Көп өтпей әлем чемпионатында айды аспаннан бір-ақ шығарды.
Міне, Тәуелсіз Қазақстанның парадзюдодан тұңғыш чемпионы үлкен спортқа осылай келді. Биыл ол облыс әкімдігінің арнайы сыйлығы мен пәтер кілтін алды.
М.Нәлібаев ауылының тумасы Олжас №196 мектептің түлегі. Шәкіртімен әрқашан мақтанып отыратын ұстаздардың да қуанышында шек жоқ. Талай шәкірттің санасына сәуле шашқан білім ордасының Талғат Есқабылов:
– Әрине, біз осындай шәкірт тәрбиелеп өсіргенімізбен мақтан етеміз. Олжас жастайынан спортқа құмар болды. Нәтижесінде осындай биікке көтерілді, бұйыртса Олимпиада ойындарының шығын бағындырса деген ізгі тілегіміз бар, – деді.
Олжас небәрі 18 жаста, биыл мектеп қабырғасын тәмамдап Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде тәлім алуда. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығында оқитын оның бар арманы Олимпиада ойындарының чемпионы болу. Әрине, қай спортшыға болмасын осы биіктікті бағындыру басты арманы белгілі ғой.
– 2020 жылы Токиодо өтетін жазғы Олимпиадаға қатысу басты мақсатым. Сондықтан, маған үнемі қолдау көрсетіп, жанкүйерлік танытып жүрген қазақ еліне, жерлестеріме, бапкеріме алғыс айтамын. Әсіресе, жігерімді шыңдап, өзіме деген сенімді нығайтатын ата-анама, ағайын-туысқа алғысым шексіз, – деді жігерлі балуан.
Айта кетейік, Олжас Жаңақорғанда ересектер арасында үлкен спортта Серік Ибрагимовтан кейінгі әлемді бағындырған екінші спортшы. Араға қаншама жыл салып аудан тарихы қайта жаңарды. Енді біз Олимп шыңын бағындыратын ұлды 2020 жылы Токио төрінде көрсек деген арманымыз бар. мұны жігері мықты, мақсаты асқақ Олжас шындыққа айналдыратынына сенеміз.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
30 желтоқсан 2018 ж. 1 613 0