№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қазақстанда хат алмасу да құжат ретінде есептелуі мүмкін

Қазақстанда хат алмасу да құжат ретінде есептелуі мүмкін

Фото: pixabay.com
Қазақстанда тұтынушыларды қорғау туралы жаңа заң жобасында маңызды норма пайда болды: мессенджерлердегі жазбаша келісімдер сатушы мен сатып алушы арасындағы шарттың толық бөлімі ретінде танылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
WhatsApp — құқықты қорғаудың құралы
Мұндай өзгеріс енгізілетіні жөнінде Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Instagram желісіндегі тікелей эфирінде айтты. Ол сатушы келісімшартта жазылмағанын сылтау етіп, өз уәдесінен бас тартуына жол берілмейтінін түсіндірді.
- Біз мұны келісімшартқа міндетті түрде енгіздік, әсіресе онлайн қызметтерде. WhatsApp-тағы кез келген сөйлесу, видеожазба, жарнама — бұлардың барлығы келісімнің бөлігі болады. Мысалы, Kaspi арқылы сөйлесіп, сен (сатушы) үш жыл кепілдік беремін дедің — оның бәрі келісім болып есептеледі. Хат алмасудың барлығы шартқа енгізіледі, — деп атап өтті Әбенов.
«Компаниялардың заңгерлері мықты»
Ұсынылған норма азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған. Бұл бизнеске өз пайдасына шартты өзгертіп, жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік бермеу үшін жасалып отыр.
- Біз бұны әдейі енгізіп отырмыз, себебі азамат қорғалуы тиіс. Көріп жүрміз: компанияларда мықты заңгерлер бар, ал адамдар қорғансыз, — деді депутат.
Сатушы уәдесін орындамаса, айыппұл салынады
Бұл өзгеріс сатушылардың орындалмаған уәделері үшін жазаны күшейтеді. Мұрат Әбеновтің айтуынша, бизнес үшін келісімді бұзу тиімсіз болуы керек.

08 желтоқсан 2025 ж. 621 0