№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Домбыра – он жасымнан сырласым

Домбыра – он жасымнан сырласым

Жақында «менің қазақстаным» акциясы аясында ауданға келген әйгілі «үш Татьянаның» бірі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, әнші Татьяна Бурмистроваға арнайы жолығып, бірнеше сауал берген едік.

–Татьяна, Жаңақорған жеріне қош ке­ліп­сіз. Алғашқы әсеріңіз қалай?
–Рахмет. Өте жақсы.
–Қандай әндерді сүйіп айтасыз. Халық әндеріне қалай қарайсыз?       
–Негізінен халық композиторы Естай Беркімбаевтың әндерін және Мұқағали Мақатаев пен Қадыр Мырзалиевтің сөздеріне жазылған әндерді орындауға тырысамын.
–Музыкалық біліміңіз...
–Музыкалық білімім жоқ, нотаны да білмеймін. Айтатын әндерді радиодан және таспалардан тыңдап, үйреніп аламын. Мен орыс мектебінде оқыдым ғой. Бірақ қазақ ұл-қыздар арамызда көп болды. Араларында домбыраны шебер шертетіндер көп болатын. Соларды көріп қызығушылығым оянып, әкеме айтып жүріп домбыра алдырдым. Сыныптас достарымнан сабақтан тыс уақытта домбыра тартып үйрендім. Яғни, менің алғашқы домбыра үйретушілерім де, тыңдаушыларым да сыныптастарым.
  – «Шәкіртсіз ұстаз тұл» демей ме? Шәкірттеріңіз бар ма?
–Қазір соңымнан ерген шәкіртім жоқ. Алайда мектеп ашсам деген жоспар бар.
–Өнеріңізді ұштаған ұлағатты сөз есіңізде ме?
–Әлі күнге дейін қазақтың бір ақсақалының айтқан сөзі құлағымда жаңғырып жүр. Ол: – Сен домбыраны тастама. Өнер де асау ат секілді. Оны мәпелеуің қажет, қайда көрдім, тойда көрдім болма, өнерді кәсіп етпе. Өнеріңді халқыңа сыйла, ал сенің несібең – халқың болады, – деп еді...
–Сіздің мамандығыңыз...
–Психиатр-дәрігер.
-Сахна төрінде  жүргеніңізге де 30 жылдан асыпты. Алғаш үлкен сахнаға  қайда шықтыңыз?
-Мединститутта оқып жүргенімде алғаш «Алтыбақанға»  шақырылдым. Кейінірек  «Тамаша»мен ақындар айтысында ән шырқадым.
-Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққаныңызға  әке-шешеңіз қарсы болған жоқ па?
-Жоқ. Біз осы оңтүстікте қазақы ауылда туып өстік, жартылай қазақ болдық. Кейін үлкен әпкем Оля қазаққа,турасын айтқанда осы Жаңақорғанның азаматына тұрмысқа шықты. Алматыда тұрады.
-Онда құдашаболдыңыз ғой.
-Иә, солай. Оның үстіне өзімнің де отағасым  қазақ жігіті.
-Қазақ әніне деген құмарлығыңыз неден туды?
-Өзге халықтың өлеңдерін оқып отырып оның түпкі ойын түсінгенше бірнеше бет өлең оқысаң, қазақ  тіліндегі әндердің бірнеше  қатарының өзінде қаншама мән-мазмұн мен мағына  барлығына көзім жетті. Оған қалай ғана құмартпассың.
-Татьяна, еліміз егемендік алғалы  көптеген қандастарыңыз  тарихи отандарына кетіп жатыр ғой. Сізде мұндай ой болған жоқ па?
-Ол не дегеніңіз. Мен өзімді қазақтың бір перзентімін деп білемін. Менің туған жерім де, отаным да Қазақстан.Ешқайда да бармаймын. Кезінде үгіттегендер де болған. Көнбедім. Өйткені ол жақта менің әнімді кім тыңдайды. Құдайға шүкір мұнда мені туған қызындай әлпештеп отыр.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
09 қаңтар 2019 ж. 1 243 0