«Күмбірле домбыра»
Домбыра — халқымыздың ғасырлар бойғы айнымас серігі. Биылғы 1 шілдеде алғаш рет Ұлттық домбыра күні тойланды. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 12 маусымында елімізде шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күнін атап өту туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Осы орайда, Төменарық ауылдық клубында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 1-шілде Ұлттық домбыра күніне орай «Күмбірле домбыра» атты домбыра үйірмесінің мерекелік концерті өткізілді. Айта кететіні, Домбыра үйірмесін 2002 жылдан бастап осы кәсіпорынның сүйемелдеуші маманы Жұпаркүл Түменбаева жүргізіп келеді.
«Төменарық ауылдық клубы» КМҚК-да мерекелік концерттің тартымды, жақсы өтуіне, домбыра үйірмесіне қатысушы оқушылардың ата-аналары қолдау білдіріп, ұрпағының домбыра үйренуіне қолдау көрсете отырып, үйірме жетекшісіне алғыстарын жаудырып жатты.
«Күмбірле домбыра» - атты мерекелік концертке келген көрермендер арасынан ел ағалары сөз сөйлеп, домбыра үйірмесінің концертіне жақсы деген бағасын айтып, жастардың домбыра үйренуіне, бұқараның рухани жаңғыруына қолдауларын білдірді.
Мұратхан ХОДЖАЕВ,
Төменарық ауылдық клубы
үйінің директоры.