№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ең қымбаты – ел сенімі

Ең қымбаты – ел сенімі

Онлайн үлгіде өткен жиынға ауданымыздан делегат ретінде қатысқан өкіл Жаңақорған аудан­дық сотының судьясы Исағали Өмір­зақұлына арнайы жолығып, съезде қаралған мәселелер төңірегінде ойларымен бөліскен едік.

– Судьялар съезі әділ сотты жүзе­ге асыру, сот жүйесін дамыту, сот жүйесі қызметін моральдық-эти­калық нормаларын сақтай отырып талқылау, тағы да басқа жалпы сот қызметімен байланысты мәсе­лелердің шешіміне жауап іздеді, – дейді ол.
– Съезд жұмысына Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы қатысып, сот жұмысына өзіндік көзқарасын ортаға салып, нақты тапсырмалар берді.
Сот процесін қашықтан жүргізу процесі жедел әрі ұтымды, – деді ол.
Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысындағы бірқатар кемшіліктерге назар аударды. Әсіресе бұл олқылықтар пандемия кезінде анық көрініс бергенін айтып, ізгілікті қоғам жағдайында сот жүйесін реформалау судьялардың кәсібилігіне, сот төрелігі мен сот ісін басқарудың сапасына негізделген түбегейлі жаңа тәсілдердің қажет­тігін ұсынып отырғанын, бұл орайда адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету ең басты міндет саналуы тиістігін ескертті.
Судьялар корпусы өздерінің күнде­лікті жұмысында осы ұста­нымдар мен құндылықтарды қам­тамасыз етуді басты міндет са­науы тиіс. Бұл ретте біліктілік мәселесі өте өзекті.
Екінші маңызды басымдық, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. – Сот жүйесінің тәуелсіздігі. Әділ сот төрелігі және азаматтардың сот билігіне деген сенімі.
– Съезде судьялардың же­ке басы беделіне нақты талаптар күшейтілуі қажеттігі айтылды. Бұған қосар пікіріңіз қандай?
– Кәсіби судья – әділ сот төре­лігінің шешуші факторы. Бұл жерде кандидаттарды іріктеу үдерісі айқын және ашық болуы сот реформасын сапалы іске асырумен қатар қалың бұқараның мүддесі тұрғысынан келгенде де өте құптарлық.
– Съезде тағы қандай мәсе­лелер талқыланды?
– Жиынға қатысушылар Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың хабарламасын тыңдады. Басты та­қырып – биылғы ел өміріндегі күрделі ахуалға орай сот жүйесінде іске асырылып жатқан фронт-форматтың барлығының түп-төркіні халықтың денсаулығына кінәрат түсіріп алмау мақсатын көздеп отыр. Осы орайда процестердің 95 пайызы қашықтан өтуде. Бұл бағытта біздің аудандық сотта да нақты алғышартар жасалынуда.
Жоғары сот төрағасы сот шешімдері мен үкімдерінің сапасына тоқталды. Біріншіден, елімізде сот шешімдерінің жаңа форматы енгізілді. Әр судья шығарылған үкім жөнінде жариялағаннан кейін қабылдаған шешім жөнінде сот процесіне қатысушыларға жан-жақты түсіндіріп беруі тиіс. Нәти­жесінде жоғары орынға шағым­данушылық жағдайы шекте­леді деген сөз.
– Сот жұмысына өзіңіз қан­дай баға берер едіңіз?
– Қазір сот жүйесі кім-кімге де қолжетімді. Сотта арыз-шағымдар жедел қарауда. АИТИ форма­тының енгізілуі, интернетпен арыз беру мүмкіндігі, «Түнгі соттар», татуластырушы, бітімгершілік ма­ман­дардың іске кірісуі сот рефор­масын жеделдете түсетінін айтуға тиіспіз.
Алдағы уақытта осы жұмыс­тардың сапасын арттыра түсетін боламыз. Бірақ азаматтарға ең керегі – сотқа деген үлкен сенім. Әрбір судьяның үкімі мен шешімі дұрыс болса, әрбір адамның көңілінен сот шешімінің логикасы орынды қолдау тапса біздің басты жеңісіміз осы.

Әңгімелескен
Баян ҮСЕЙІНОВА
31 қазан 2020 ж. 10 653 0