«Электронды сот төрелігі» тақырыбында семинар өткізілді
Жаңақорған аудандық сотының мәжіліс залында 27 наурыз 2018 жылы «Электронды сот төрелігін» дамытуды жүзеге асыруға байланысты семинар өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Н.О.Қосанов, аудандық соттың судьясы И.У.Тунгышбаев және кеңсе қызметкерлері, аудандық кеңес беру бөлімінің адвокаттары, заңгерлер және кәсіпкерлер қатысты.Сот төрағасы Н.О.Қосанов семинарды ашып, мемлекет басшысының мемлекеттік және саяси бағытын айқындайтын «Қазақстан-2050» стратегиялық құжатында тәуелсіз, қуатты, дербес мәртебелі сот билігін орнықтырудыңжаңа мақсаттары мен міндеттері айқындалғанын, онда соттар мен судьяларды одан әрі мамандандыру, мамандандырылған соттардың жұмысын жандандыру, бұқара халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру, жаңадан тағайындалған судьялардың біліктілігін көтеру, соттардың материалдық-техникалық базасын жаңарту, соттардың ашықтығы мен обьективтілігін айқындайтын электронды ақпараттық-инновациялық жүйені енгізу және аталмыш бағытта сот қызметіне заманауи озық технологияларды енгізу сынды өзекті мәселелер қамтылғанын айтып өтті.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар заңнама түзетулерін және практикалық жүзеге асыру мақсатында енгізілген жаңалықтарға әрдайым семинар, дөңгелек үстелдер өткізу қажеттігін айтып, тиісті ұсынымдарды жасады.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі7
Пікір 1