№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Басты мақсат сот жұмысын жандандыру

Басты мақсат сот жұмысын жандандыру


Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы құқыты және әлеуметтік мемлекет» деп Ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан Мемлекет болып қалыптасып келеді.

Жас Мемлекеттің ірге тасын қалау,құру қалыптастыру бағытындағы ең жауапты іс мемлекеттік қызметшілерге жүктелді.Қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол саланың кәсіби білікті кадырлары-саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткішін жасайды.Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы- халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланысты қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады.
Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік-әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда-мемлекеттік қызметшінің «жоғарыимиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады.
Имидж деген сөз (ағылшынның image сөзінен) – тұлғалардың анықталған тобына эмоционалдық - психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған (тұлғаның, ұйымның, көріністердің) бейне.
Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің жұмыс орындаған жеке басының жауапкершілігімен, тәртібі мен қызметшімен әрбір қоғам мүшесінің мемлекетке деген көзқарасы, сенімі қалыптасатынын жақсы түсінуі тиіс. «Өзіңде жан-өзгені де жандыр»- деген ұлы қағидасы әрбір мемлекеттік қызметшінің қағидасы болса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
Сот мамандарын таңдау тәртібі құқықтық саяси Концепциядағы сот-құқықтық жүйенің даму бағыттарының бірі болып табылады.Сонымен қатар, сот кандидаттарына қойылатын талаптардың қатаңдығы өзекті сұрақ болып табылады,себебі судьялардың жоғарғы моральдық сапасы сот корпусының қалыптасуының негізі болып табылады.
Соттар қауымдастығының өздерінің тарапынан судьялардың судьялар әдеп кодексінің талаптарын сақтауына,барлық жіберілген бұзушылықтарға теңбе-тең, тез жауап қайтаруына қатаң бақылау қажет.
Қазіргі таңда республиканың соттары мен сот төрешілерінің жұмысының сапасына, тапсырылған іске олардың жауапкершілігін арттыруға және әділ сотты жүзеге асырушы Фемидаға қызмет етушілердің жоғары кәсіби және моральдық- адамгершілік қасиеттеріне аса назар аудару қажет.Бұл қасиеттер сот қызметінің нормасы болуы тиіс.Мемлекет басшысы еліміздің  сот корпусын алдына өте маңызды және жедел шешілуі тиіс міндет қоюда.Оны шешу, әділсотты орындауда қателіктер жібермеуге, соттардың жұмысына басқа тараптан араласуды болдырмауға, сот жүйесіне қоғамның сенімін бекіту және арттыруға мүмкіндік береді.
Судьялардың кәсіби және тәжірибелік білімдерін ұдайы арттыру, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында, олардың мамандану мәселесін ескере отыра, Қазақстан Республикасының «Сот білімі Стратегиясы» қабылданып, қазіргі таңда стратегия талаптарын толыққанды жүзеге асыру талабы жүктелуде.
Қазақстандық сот төрелігінің барлық құрылымының қызметі мейлінше ашық бола түсті. Қазір соттардың шешімдерімен электрондық режимде-Жоғары Сот пен жергілікті сот инстанциялары сайтында танысуға болады.Сот төрелігіне азаматтардың қалың тобы қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды.Соттың іс- қарауы хаттамасын толық және сапалы қамтамасыз ететін тетік ретінде сот үдерістерінің электронды тіркелімін жаппай енгізіп жатыр.Бірінші инстанциядағы барлық соттар бейнеконференция байланысымен қамтамасыз етілуде,бұл сот төрелігін қашықтан жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Сотқа жүгінген  адамдар өздерінің құқығын қорғауда аумақтық тұрғыдағы және ұйымдастырылған кедергілерге тап болуға тиіс емес. 


Б.Қалдыбаев,
Жаңақорған аудандық сотының бас маманы
25 қыркүйек 2020 ж. 774 0