№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » "Санта-гертруданың" артықшылығы неде?

"Санта-гертруданың" артықшылығы неде?


Ауыл шаруашылығы саласында малды асылдандыру қазіргі таңда маңызға ие. Саннан гөрі сапаға жұмыс жасайтын шаруа қожалықтар «Санта-Гертруда» сиырын көбейтуге күш салуда. 1940 жылы ет бағытындағы ірі қара малы АҚШ-та пайда болды. Бір қызығы, біздің ауданда «Агротехнология» шаруа қожалығы «Санта-Гертруда» графтығының құрметіне аталған сиыр түрін күтіп-баптайды. Қожалық иесі Керімхан Егізбаев бізбен өнімділікті арттыру жөнінде ой бөлісті. 

Өнімділікті арттыруда асыл тұқымды мал шаруашылығына мән беру маңызды. Ал «Санта-Гертруда» сиырына әлемде сұраныс жоғары. Өйткені, ыстық-суыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда бағуға ыңғайлы, – деп бастады әңгімесін ғалым.
– Керімхан аға, «Санта-Герт­руда» тұқымы Қазақстанға қашан және қалай әкелінді?
– Алғаш 1957 жылы Қазақстанның оңтүстік-шығысына «Санта-Гертру­да» тұқымы аудан­дастырыла бас­та­ды. Жайылымның мол екені Алма­­ты облысының Панфилов ауда­нын­­­дағы Көктал совхозы мен Ше­лек (кәзіргі Еңбекші қазақ ауда­нының «Куликовский» тәжірибелік шаруа­шылы­ғы) әкелінді.
АҚШ-тан әкелінген асыл тұқымды мүйізді ірі қара Көктал совхозының жерінде аудандастарылып, жергілікті ата-тегі белгісіз өнімділігі төмен малдармен ұзақ мерзімде жүргізілген ғылыми-практикалық асылдандыру жұмысының арқасында асыл тұқымды мүйізді ірі қаралар пайда болды. Бүгінде Алматы және Қызылорда облыстарында өсіріледі.
– Ірі қараның сипаты мен ет өнімділігіне тоқталып өтсеңіз?
– Жүні қысқа, жылтыр болып келеді. Төлінің туылғандағы салмағы 30 келіге дейін тартады. 1,5 жылдық тайынша 400 келі, сиырының орташа салмағы 600 келі болса, бұқаларының салмағы 1 тоннадан асады. Алайда сүттілігі төмен.
– Елімізде «Санта-Гертруда» сиы­­ры­­ның тұқымдық сапасын ба­қы­лау жайы жолға қойылған ба?
– Тұқым түрі 1980 жылғы санақ бойынша КСРО-да 50 мыңға жетті. Оның 30 мыңнан астамы біздің елімізге тиесілі болды. Жыл өте бұл сан азая бастады. 1998 жылы 9 шілдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» туралы заң қабылданып, асыл тұқымды малдар есепке алынды. Содан бастап малдың тұқымдық сапасы мен өнімділігін арт­тыру жолға қойылды.
Бүгінде «Санта-Гертруда» малдары жоғалып бара жатқан мал тұқымының қатарында. Осыны ескеріп 2012 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңға өзгерістер енгізілді.  Әр түрлі мал тұқымы бойынша Республикалық палата құрылды. Соның бірі етті бағыттағы МІҚ малының «Санта-Гертруда» тұқымының Республикалық Палатасы (РП). Шаруа қожалықтар қолдап 9-ы құрылтайшы болып тіркелді. Оған мүше шаруа қожалықтар саны да артып, 40-қа жетті.
Салыстырмалы түрде айтар болсақ 2012 жылмен салыстырғанда 1500-ден 9000, аналығы 800-ден 5000 басқа артты. Әрине бұл үлкен еңбектің арқасы. Бүгінде  еліміздің селекционері мен ғалымдары АҚШ, Канада және т.б елдегі «Санта-Гертруданың» эмбрио­нын алып, мал басын көбейтуде жұмыс жасауда. Нәтижесі де жоқ емес. Тұқымның сапасы мен саны артып келеді.
– Асыл тұқымды ірі қараны көбейтуді қашан қолға алдыңыз?
–  Асыл тұқымды мал көбейтуді 2000 жылы бастадым. Алғашында қа­зақ­­тың ақбас сиырларын күтіп бап­таумен айналыстым. 6 жылдан бері «Санта-Гертруда» тұқымын көбейтуді қолға алдым. Шаруашылық негізі реп­родукторлық қызмет көрсетеміз. Бұқа­шықтарға сұраныс жоғары. Жергілікті төлдерді асылдандырып, тұқымын жақсарту мақсатында пайдаланылады. Жылына 20-30 бұқашық сатамын. Тағы бір тиімді тұсы, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы бір бұқашыққа 150 мың теңге субсидия төленеді.
Бағдарлама ережесінде бір бұқашық 25 сиырды будандастыруға арналған. Төлдер 350 мыңнан бастап саудаланады. Бұқашыққа 150 мың және 25 сиырына 10 мыңнан субсидия ала алады. Бұл дегеніңіз, асыл тұқымды мал басын көбейтемін деген адамға таптырмас мүмкіндік.
– Санта-Гертруда сиырының ар­тық­­шылығы неде?
– Қырдың ыстығы мен суығына төзімді келетіндіктен күтіп баптау аса қиындық туғызбайды. Маса-сона сынды зиянкес жәндіктер де еш зиянын тигізе алмайды. Негізгі ірі қара малдарын өнеркәсіптік будандастыру үшін пайдаланылады. Кез-келген климатқа оңай жерсінеді. Ауруға көп шалдықпайды. Әсіресе малға тиетін тейлероз ауруы бұл сиырларда тіпті кездеспейді. Басты артықшылығы осы.
– Сұхбатыңызға рақмет!

Майра ӘБДУӘЛІ
15 сәуір 2020 ж. 2 097 0