№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төрт түлікті асылдандыру маңызды іс

Төрт түлікті асылдандыру маңызды іс


Мал басын көбейтумен қатар, оны асылдандыру да маңызды шаруа. Себебі, қазір өнімділікке жұмыс жасайтын уақыт. Тұңғыш Президент Жолдауында осыған басымдық беріп, асыл тұқымды малдың басын арттыруды талап етті. Шаруашылықтар мен кооперативтер шетелдерден асыл тұқымды түлікті әкеле бастады. Осы бағытта ет өнімділігі мен сапасы жоғары «Санта-Гертруда» тұқымының басы мен қоңын жақсарту міндетіміз деп санаймыз.


Қазір әлемде АҚШ-тың Оңтүстік Техас штатында жерсіндірілген күрең-қызыл түсті мүйізді ірі қараға сұраныс жоғары.
1916 жылдан бастап «Санта-Гертруда» графтығында мексикалық шортгорн және герефорд малдарының аралас ұрпағын индиялық зебу бұқасын будандастыру салдарынан алынды. 1940 жылы АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігінің қаулысымен таза тұқым ретінде танылып, оған «Санта-Гертруда» графтығының құрметімен ресми түрде «Санта-Гертруда» атауы беріледі.
Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік шығыс аймақтары жартылай шөлейт, шөл. Қысы суық, жазы құрғақ, аптап ыстық болып келеді. Жайылымның басым бөлігі жиде-шеңгел, тораңғы-сексеуіл араласқан тоғайлардан, сазды жерлерде өсетін түсімі мол қамыс құрақты өсімдіктерден тұрады. Маса-сона сияқты қансорғыштар көп кездеседі. Осындай табиғаты қатал өңірде төзімді мал ғана жоғары өнім беретіні анық.
1957 жылы табиғаты қатал өңірге «Санта-Гертруда» тұқымы аудан­дас­тырыла бастады. Қазақстанның оңтүс­тік-шығысында жайылымның мол екені ескеріліп, Алматы облысының Панфилов ауданындағы Көктал совхозы мен Шелек (кәзіргі Еңбекші қазақ ауданының «Куликовский» тәжірибелік шаруашылығы), әкелінді.
АҚШ-тан әкелінген асыл тұқымды мүйізді ірі қара Көктал совхозының жерінде аудандастарылып, жергілікті ата-тегі белгісіз өнімділігі төмен малдармен ұзақ мерзімде жүргізілген ғылыми-практикалық асылдандыру жұ­мы­сының арқасында асыл тұқымды мүйізді ірі қаралар пайда болды. Оның ерекше қасиеттері: ыстыққа төзімді, маса-сонаға өте шыдамды, қысы-жазы жайылымда бағуға оңтайлы, ұзақ жолға шыдамды.
Арада 9 жыл өткеннен кейін Қазақс­танға тағы АҚШ-тан 30 бас таза қанды «Санта-Гертруда» тұқымы жеткізілді. Оның 14 бас қашар мен 3 бас бұқасы Панфилов ауданының Көктал совхозына, қалған 13-бас мал еліміздегі басқа шаруашылықтарға берілді.
«Санта-Гертруда» тұқымының мал­да­рының сырттан әкелінуі кейін­гі жылдары да жалғасын тапты. Ресейдің Омбы облысы мен Тәжікстан Республикасының таулы аймақтарына жерсіндіру мақсатында апарған мал­дардан көзделген нәтиже алынбай, Еңбекшіқазақ ауданының «Куликовский» тәжірибелік шаруашылығы мен Балқаш өңіріне берілді.
1980 жылы Одақтық мал шаруа­шылығы басқармасы осы «Санта-Гертруда» тұқымының нақты санын анық­тау мақсатында санақ жүргізді. Сол кездердің өзінде КСРО бойынша 50 мың бас болса, оның 30 мыңнан астамы Қазақстанда болды.
«Санта-Гертруда» тұқымды малдарды асылдандыру жұмысы үшін Алматы облысының Панфилов ауданындағы Көктал совхозы мен Еңбекшіқазақ ауданындағы «Куликовский» тәжірибелік шаруашылығына басымдық берілді. Бұл шаруашылықтарда ғалымдар ғылыми-зерттеу тәжірибелерін жасап, мал тұқымын дамытуға үлес қосты. Әсіресе қазақ ғалымы Жұмабаев Мүсәпірдің қажырлы еңбегін атап өту керек.
Бүгінде 50 мыңға жеткен асыл тұқымды мүйізді ірі қараның басы азайды. 1998 жылы 9 шілдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» туралы заңының қабылдануымен асыл тұқымды малдар есепке алынып, малдың тұқымдық сапасы мен өнімділігін арттыру жолға қойыла бастады.
«Санта-Гертруда» малдары жоғалып бара жатқан мал тұқымының қатарында тұр. 2012 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңға өзгерістер енгізіліп, әр мал тұқымы бойынша Республикалық палата құрылды. Соның бірі етті бағыттағы МІҚ малының «Санта-Гертруда» тұқымының Республикалық Палатасы (РП).
Палата 9 шаруа қожалығы құрыл­тайшы болып құрылса, мүше шаруашылықтар саны 40-қа жетті. 2012 жылмен салыстырғанда 1500-ден 9000, оның аналығы 800-ден 5000 басқа артты. Селекционер мен ғалымдар АҚШ, Канада және т.б елдегі «Санта-Гертруданың» эмбрионын алып, мал басын көбейтуде жұмыс жасауда.
Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылдық округіндегі Керімхан Егізбаев басқаратын «Агротехнология» шаруа қожалығы «Санта-Гертруда» басын көбейтіп, «Малшылар тойы» және т.б көпшілік шараларда көрмеге қойып жүр. Сыр өңірінде де «Санта-Гертруданың» басын артып келеді. Бұл – өнімділікті арттыратын бір жолы.

А.Жексенбаев,
Республикалық «Санта-Гертруда»
Палатасының төрағасы
Әбілхан Оспанов,
Республикалық «Санта-Гертруда»
Палатасының бас менеджері
18 наурыз 2020 ж. 891 0