№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АТА КӘСІПТІҢ АБЫРОЙЫН АСЫРҒАНДАР

АТА КӘСІПТІҢ АБЫРОЙЫН АСЫРҒАНДАР

 Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметінше, бүгінде ауданда асыл тұқымды жылқы, ірі қара, уақ мал шаруашылығымен айналысатын 16 шаруа қожалығы бар. Оның екеуі жылқы өсірумен, алтауы ірі қара, сегізі асыл тұқымды қой өсірумен айналысады.


   Шаруа қожалықтары өнімді және таза тұқымды мал өнімін алу мақсатында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолға алды. Қазіргі уақытта асыл тұқымды мал -өнімінің үлесі өсті. Бүгінгі таңда шаруалар мал басын көбейтумен қатар асыл тұқымды мал өніміне басымдық беруде. Мәселен, «Заман ата» шаруа қожалығы Қызылорда облыстық аграрлық корпорациядан алдындағы 40 миллион теңгесін уақытында қайтарғандықтан, еш қиналмастан 60 миллион теңге несие алды. Осыншалықты несиеге тәуекел етуінің басты себебі – алдымен әкелі балалы әмбебап маман малшылардың қазіргі асыл тұқымды бұқаларының орташа салмағы 780 килограмнан айналуы. Бұл ұзақ жылдарғы селекциялық жұмыстарының нәтижесі. Бурятиядан әкелінген жүз бас малды қосқанда Қайсардың табынында 350-дей асыл тұқымды мал бар. Ал, әкесі Зұлпыхардың қарауында жергілікті тұқымға жататын екі жүздің үстінде малы бар. Соңғы жылдары Республиканың басқа өңірлеріне етті бағыттағы малдарды асылдандыру мақсатында 50-60-сын сатуды бастаған.
Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Серік Сейдуалиев қазіргі таңда ауданда асылдандырылып жатқан малға шетелдіктердің тарапынан да қызығушылық артып отырғандығын тілге тиек етті. Мәселен, 2017 жылы Аққорған ауылдық округіндегі «Ахметжан» шаруа қожалығы 280 бас уақ малды Иранға экспорттады. 2018 жылы да Өзбекстан, Иран, Қытайдан сұраныс жоғары болды. Қазіргі таңда асыл тұқымды ірі қара мен уақ малды көбейтіп, аудандағы өзге шаруа қожалықтарға сатумен айналысатын «Заман ата», «Orda-Агротехнология», «Бақытжан», «Жер қазына», «Ынтымақ», «Ақ жол», «Көбелдес» қожалықтары өнімді еңбек етуде.
– Қазір қожалықта 250 ден аса асыл тұқымды қалмақ тұқымдас ірі қара бар. Оған енді Бурятиядан жүз басы келіп қосылды. Негізінен бұл тұқымды Петропавлдан, Атыраудан, Ақтөбеден әкелеміз. Кейінгі уақытта осы асыл тұқымды малды өзге шаруашылықтарға сатуды қолға алдық. Мәселен, алдыңғы жылы аудан көлемінде, Шиелі ауданына, Қызылордаға барлығы малды асылдандыру мақсатында 32 бас қашар, 54 бас өгізше саттық. Өткен жылы 28 өгізшені Шиеліге, Қазалыға, Жаңақорған аудандарына саттық. Алдағы уақытта тағы да 50 ден аса мал басын сату жоспарымызда бар, – дейді «Заман ата» шаруа қожалығының төрағасы Қайсар Сыздықов.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған қожалықтардың қатарында «Мырзабай» шаруа қожалығы бар. 1993 жылы негізі қаланған қожалықта 480-нен астам сүт бағытындағы «Әулие ата» тұқымды сиыр, ет бағытындағы 120-ға жуық жылқы, 800-ден аса қой өсірілуде. Етті мал өсірумен айналысатын «Orda-Агротехнология» ЖШС-нің негізі 2016 жылы қаланған. Бүгінде қожалықта 500-ге жуық тұқымдық бұқалар бар. Оның 150 басы асыл тұқымды «СантаГерТруда» сиыры.
– Жаңадан құрылған қожалық болғандықтан әлі ірі көлемде сатылымға мал шығарған жоқпыз. Етті бағыттағы мал болғандықтан бір бас малдың өзі бір тоннаға дейін өнім береді. Биыл 50 бас малды ет бағытында өсіруді жоспарлап отырмыз. Оны арғы жылы 70 басқа жеткізсек дейміз. Сонымен қатар, қашарларды сатылымға шығару жоспарда бар, – дейді «Orda-Агротехнология» ЖШС-нің басшысы Керімхан Егізбаев.

Е.Беркімбай.

14 мамыр 2019 ж. 1 047 0