Төл газет ардагер ұстаздардың еңбегін дәріптеуде. Осы ретте, 38 жыл ұстаздық еткен Аягөз Сабырқанованың мақалаға арқау етуді ортаға салдым. Ұсыныс қолдау тауып, Аягөз апаймен дидарласуға асықтым....
Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сусынымыз қымыздың адам денсаулығына берер пайдасы орасан зор екені талай мәрте жазылып та келеді. Қымыз құрамындағы дәрумендер мен оның шипасы туралы тағы бір мәрте оқырман назарына салуды жөн көріп отырмыз....
Аудан әкімі Руслан Рүстемовтың бастамасымен облыстық, республикалық газет-сайттар мен телеарналардың журналистері Жаңақорғанға арнайы келді. Ондағы мақсат – аудан көлеміндегі тарихи-мәдени орындардың құндылығын насихаттау....
Өнер өлкесінде тер төгіп келе жатқанына отыз төрт жылға жуықтаған аудан мәдениет саласының қызметкері Нұрлан Жанзақұлын көпке таныстырудың қажеті жоқ. Елдің қос қанаты – деннің саулығы, жанның байлығы. Көгіміз ашық, көңіліміз тоқ бейбіт күннің аясында өмір сүрген әр адам қарын тойдыруды ғана емес, рухани...
Бақ адамға өмір көшінде келеді, тек бағалай білгенге ғана орнығады. Бір ауылға 16 жыл әкім болу екінің бірінің басына қона бермейтін бақ деуге болады. Төменарық совхозында бас инженер, одан кейін ауылдық округтің әкімі болған Найрахман Пазыловты атауға болады. Биыл зейнет жасына шыққан азамат туралы толғамды...
Мына жарық дүниенің дидарында ниеттес, тілектес, пікірлес, өзіме болған өзгеге де болсын деген, аузын ашса жүрегі көрінетін, ақ тілеулі жандар қаншама?! Сондай тұлғаға Адырбек Сопыбеков ағамызды жатқызар едім. Өткенде «Ақынның аманатын» жазуымның сыры содан. Жаңақорған ауданына әкім болып келгелі ақынның...
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, техника ғылымының – докторы, профессор Алияров Бірлесбек Қаниұлы. Таудай тұлғаның атақ-лауазымын осылайша тізбелей беруге болады. Бірақ сол қажет пе? Ғалымның қадір-қасиетін жаңақорғандықтарға айтып жату артық....
Сөздің маржанын сазбен жеткізетін дала өнерпаздарын анықтайтын «Текті сөздің төресі – терме» атты облыстық жас термешілер байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жастарды қазақтың төл өнерімен сусындату және ұлттық дәстүрді ел арасында кеңінен насихаттау. Асыл сөздің...
Сыр өңіріндегі облыстық газет-сайттардың журналистері мен республикалық телеарналардың облыстағы меншікті тілшілері пресс-тур аясында Жаңақорған ауданына келеді. Ондағы мақсат – аудан көлеміндегі тарихи-мәдени орындарды журналистер көзімен насихаттау. Яғни аудандағы тарихи орындарға баратын туристік...