Соңғы жаңалықтар

№20 (8934) 17

17 наурыз 2026 ж.

№19 (8933) 14

14 наурыз 2026 ж.

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУДАН БАСШЫСЫ «LIAONING HONGDA» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ «LIAONING HONGDA» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ



Аудан әкімі Мажит Самитов тау-кен саласында жұмыс жасайтын «Liaoning Honda» компаниялар тобының Қазақстан Республикасындағы басқарма төрағасы Дэн Сяоцзюньды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыру, өндірістік жобаларды жүзеге асыру және өзара тиімді әріптестікті дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады.
Аудан басшысы инвесторларды ашылатын өндіріс орындарына тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуына белсенді үлес қосуға шақырды.
Өз кезегінде компания өкілдері аудан әкімдігімен әріптестік орнатуға мүдделі екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, «Liaoning Honda» компаниясы Шалқия өңірінен «Бурабай - Жалғызағаш» қорғасын-мырыш кен орнын игеру бағытында инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жоба іске асқан жағдайда өңірде жаңа жұмыс орындары ашылып, өндірістік әлеует артып, аудан экономикасының дамуына тың серпін береді деп күтілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен жобаларды тиімді жүзеге асыруға келісті.

#Жаңақорған
21 наурыз 2026 ж. 61 0