№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ер бағасын ел біледі

Ер бағасын ел біледі

Бақ адамға өмір көшінде келеді, тек бағалай білгенге ғана орнығады. Бір ауылға 16 жыл әкім болу екінің бірінің басына қона бермейтін бақ деуге болады. Төменарық совхозында бас инженер, одан кейін ауылдық округтің әкімі болған Найрахман Пазыловты атауға болады. Биыл зейнет жасына шыққан азамат туралы толғамды ой түйіп көрген болатынбыз.


1957 жылы өмірге келіп, мектеп қабырғасын бітіргеннен кейін білім алу үшін Жамбыл облысына жол жүреді. 1980 жылы Жамбы гидро­мелиоративтік құрылыс институтын бітіріп, туған өлкеге оралады.
– 1980 жылы институтты бітіріп, жолдамамен Қызылорда қала­сын­дағы филиалына жіберілген болатынмын. Негізі еңбек жолымды сол жерде бастауым керек болатын, бірақ әкем қарсы болып, қазіргі аграрлы-техникалық колледждегі қызметке орналастым. Ол кезде директор Мақсұт Ибрагимов ағамыз болатын. Үш жыл тәжірибе жинақтап, 1983 жылы ауылға қайта қоныс аудардым. Ауыл Төменарық совхозы деп аталды.Сол уақыттан  бастап 30 жылдан астам ауылдың тыныс-тіршілігін түзеуге, әлеуетінің артуына, өсіп-өркендеуіне еңбек еттім, – деп бастады әңгімесін.
Ауылға ауысып келісімен бел­сенді қызмет атқаруды бастайды. Алғашқы кездері диспетчер, трактор-машина ауласының меңгерушісі қызметін атқарады. 1986 жылы совхозға бас инженер болып тағайындалады. 1999 жылға дейін совхозда шаруашылық төрағасы, және т.б қоғамдық жұмыс­тарға араласып жүріп, әкім қызметіне тағайындалады. 6 жыл округ әкімі болып, абыройлы еңбек ете білгеннен кейін ауданға ауысады.
– 2005 жылдан 2008 жылға дейін аудандық кәсіпкерлік бөлімінде бас маман болып қызмет атқардым. Алайда ауылдағы ағайын, тұрғындар бар, қолқалап жүріп, Төменарыққа шақыртып алды. Мақтангершілік емес, бірақ еңбегімнің сіңгені деп ойлаймын, халық жоғары бағасын берген екен. Он жыл әкім қызметін қайта атқардым, шүкір жаман болған жоқпын, қолымнан келгенше, шамам жеткенше қызмет еттім. Қазан айында зейнет жасына келіп, іні-қарындас, қызметтес болған ауылдағы жігіттер абыроймен құрметті демалысқа шыға­рып салды. Қызметтен кеткенімізбен, елден жырақта емеспіз. Байланысып, хабар алысып тұрамыз, – деді ағынан жарыла.
Әкім болып тұрған тұсында атқа­рылған жұмысын жүйелеп кетсек. 2000 жылы алғаш рет «Таза су» бағдарламасы бойынша облыстық семинар өткізіліп, екі округке 23 шақырымдай су құбыры жүргізілген. Пантон салынып, жол түзеліп, аяқ су мәселесі шешімін тауып, насостар халық игілігіне берілді. Жалпы алған­да атқарылған жұмыстар көп, тек ел шынайы бағасын бере жатар. Сөз соңын Қожамберді ауыл­дық округінің әкімі Молдахмет Нәлібаевтың әріптесі ретінде берген шынайы бағасымен түйіндесек болады.
– Нәкеңді іскерлігін Төменарық совхозына бас инженер болып тұрған кезінен танимыз. Ол кезде совхоз құрамына Қожамберді мен Байгенже елді мекені кіретін еді. Былайша айтқанда, барлық техниканың иесі болды, қаншама жерге иелік етті. Егін шаруасына жаңа леп келді, тың жерлер игеріле бастады. Қызу тіршілік, атқарылған жұмыс аз болмады. Бір сөзбен айтқанда, Төменарық аймағында ол кісінің табанының ізі, қолының таңбасы қалды. Ол тұста әкімді халық сайлайтын, Найрахман Пазыловтың қызметтегі еңбегін 16 жыл әкім болғанын-ақ бағамдай беруге болады, – деді ол.
Ауданның әлеуметтік-эконо­мика­лық тұрғыда дамуына үлес қосып, табысты еңбек еткен азаматқа ауылдастары шағын құрамда жина­лып, құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Найракеңнің ізін басқан әріптесі Нұркен Қошқарбеков: «Аға­мыздың еңбек жолы бізге үлгі. Әсіресе ағайынмен жақын қызмет етудегі іскерлік қарым-қабілетін жоғары бағалаймын», – дейді.
Ер бағасын ел біледі деген рас екен-ау. Қанмаша жылдық еңбегін ауылдастары жоғары бағалап, абы­ройын асырды.
15 қараша 2020 ж. 404 0