№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Саумалдың қандай пайдасы бар?

Саумалдың қандай пайдасы бар?

Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сусынымыз қымыздың адам денсаулығына берер пайдасы орасан зор екені талай мәрте жазылып та келеді. Қымыз құрамындағы дәрумендер мен оның шипасы туралы тағы бір мәрте оқырман назарына салуды жөн көріп отырмыз.

* Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп.
* Қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Қуаттандырады.
* Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді.
* Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады.
* Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан.
* Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады.
* Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы.
* Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды.
* Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді.
* Қымыз адамның физикалық жағдайын оңалтып, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады.
* Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды.
* Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.
* Кез келген сүттегі ең бағалы зат – ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8 – 2 % болады. Қымызда шамамен 1,3 – 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе кем.
* Тұрақты түрде қымыз ішкен адамның иммунитеті артады.
* Бие сүтіндегі полиқанықпаған май қышқылдары қан айналымын жақсартады.
* Бие сүтіндегі лактоферрин атты ақуыздан Ресей ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі жасауда.
* Қымыз ішкен адамның жаны мен қаны бұрынғы ішкен арақ пен сыраның зардаптарынан тазартады.
* Ерлер белсіздігіне қымыз ем.
* Қымыздың майы атерокслероз ауруына шипалы.
* Қымыздың құрамындағы қанықпаған май қышқылдары адам денесіндегі жасушаларды жақсартады.
* Қымыздағы кіші молекулалы пептидтер жасушалардағы нәруыз (белок) синтезін күшейтеді, ағзадан улы заттарды сыртқа айдап шығарады, ұрық безі гормондарының түзілуін дамытады.
* Тамақтың алдында немесе тамақпен бірге аз мөлшерде (50–100 мл) ішілген қымыз ас қорыту сөлдерінің бөлінуін айтарлықтай күшейтеді.
* Ағзадағы зат алмасуын реттеп отыратын асқазанның, ішектің, ұйқы безінің ас қорыту сөлдерінің, бауырдағы өт бөлетін ферменттердің жұмысын ынталандыратын қымыз құрамында пайдалы заттар бар.
* Қымыз құрамында ағзаға жеңіл сіңетін ақуыздар, пептидтер, аминқышқылдар болғандықтан, сусынның бұл түрі сырқат адамның күш-қуатын тез қалпына келтіреді.
* Қымыздағы F дәрумені болып табылатын линолен және линол қышқылдарынан простагландиндер мен басқа да маңызды эйкозаноидтар түзіліп, олар жасушалар деңгейінде барлық химиялық үдерістерді реттейді, тін жасушаларының жаңаруын жылдамдатады. Бұл өнімдерде В тобы, А, Е дәрумендері, әсіресе С дәрумені өте көп. Олар қымызда түзілген антибиотиктермен бірге жасушалардың қанықпаған липидтері қышқылдандырғыштарының әсерін тежейді, адамның иммундық жүйесі мен денсаулығын нығайтып, күшейтеді.
* Қымыз ашығанда пайда болатын сүт қышқылы, спирт асқазан-ішек сөлін қоздырып, астың жақсы қорытылуына, ыдырау өнімдерінің сіңуіне жәрдемдеседі.
* Қымыз құрамындағы биологиялық белсенді ақуыздар, эйкозаноидтар, С дәрумені, микроэлементтер, сүт қышқылды, спирт ашу өнімдері жасушалардағы химиялық реакциялар ағымын шапшаңдатуға, олардағы үдерістерді қалыпқа келтіруге үлкен ісер етеді. Бұл тіндердің жасушалық компоненттерін жаңартып, ағзаны жасартады.
* Бие сүтінде С дәруменінің мол болуынан, қымыз туберкулез ауруын емдеуде өте шипалы. Қымыз туберкулезбен ауыратындардың ағзасындағы дәрумендер алмасуының бұзылуын тоқтатады.
* Қымыз құрамында В, В2, В12 дәрумендері бар болғандықтан, ол жүйке ауруларына да өте шипалы.
* Қымыз ас қорыту органдарының, жүрек-қантамырларының, жүйке жүйесінің, басқа да органдардың қызметін жақсартады.
* Қымыз ішкенде адам тәбеті ашылады. Оған қымыз құрамындағы сүт қышқылы әсер етеді.
* П. Ю. Берлиннің зерттеуінде бие сүті майының туберкулез бактериясының өсуін тежейтіні айтылады.
* Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларынан, ішек-қарын, жүрек, қантамырлары кеселдерінен емдегенде, дәрумендер жетіспегенде қолданылуда.
* Қымыз мал ауруларын емдеп-жазуда да кеңінен пайдаланылады. Оның ем болатын сырқаттары: бұзаулар мен құлындар диспепсия ауруына шалдыққанда, бұзаулар мен құлындардың, балапандар мен тауықтардың ащы ішегінде қабыну белгілері байқалғанында, бұзаулар мен құлындар қан бөлетін гастроэнтеритті ауруға ұшырағанда, ірі қара малдың асқазаны әлсірегенде, балапандарға А және В дәрумендері жетіспегенде, іріңде, күйікте, сиыр, бие, қойларда кездесетін іріңді вагинит және эндометрит ауруларында, сиырлар мен биелердің іріңді желінсау дертінде және тағы да басқа науқастарында.
* Қымыздың әсері адамның бүкіл ағзасын өзгертеді. Ондағы физиологиялық, биохимиялық үдерістерді күшейтеді, зат алмасуды қалпына келтіреді.
* Қымызда адам ағзасына қажетті барлық элементтер бар.
* Адам тамағында В1 дәрумені болмаса, ол бергебери ауруына шалдықтырып, мұндай адамның қозғалғыш және сергек сезім жүйкелері зақымданады, паралич (сал) болып қалады. В12 дәрумені жоқ болса, жілік майында қан құрау бұзылады, қан аздық пайда болады. Мұнан қымыз ішіп сақтана аласың.

Oinet.kz
16 қараша 2020 ж. 574 0