№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Пресс-тур: Сәулеті келіскен Төлегетай-Қылышты ата кесенесі

Пресс-тур: Сәулеті келіскен Төлегетай-Қылышты ата кесенесі

Аудан әкімі Руслан Рүстемовтың бастамасымен облыстық, республикалық газет-сайттар мен телеарналардың журналистері Жаңақорғанға арнайы келді. Ондағы мақсат – аудан көлеміндегі тарихи-мәдени орындардың құндылығын насихаттау.

Аудан бойынша 3 нысан «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» тізіміне енгізілген болса, соның ішінде Төлегетай-Қылышты кесенесі бар. Сонымен түсауа күрежолдың бойымен қос кесенеге жол тарттық. Жалпы қазақтың діні мен ділі, тілі мен салты, дәстүрі мен дағдысы бір ұлт негізінде қалыптасқан. Сондықтан қасиетті кесенелер, киелі орындар ұлттың ұлы мұрасы, ортақ байлығы ретінде бағаланады.
Көп ұзамай Төлегетай-Қылышты кесенесіне де келдік. Кесене көркемдігімен, әдемілігімен ұзақтан көз тартады екен. Жалпы кесене тарихын аудандық тарихи-өлкетану музейінің әдіскері Құралай Дәрмен таныстырды.
– Саид-Бұрханиддин, яғни, Қылышты ата әруақты адам болған. Оның Қылышты атануының өзіндік тарихы бар. Шежіре деректерге қарағанда Саид-Бурханиддин өте діндар, әрі қатал патша ретінде есімі тарайды. Бір әңгімеде атасы Ілкімағзым өлгенде орнына патша болған. Сонда уәзірлері мен билерін алдына шақырып алып әңгіме еткенде қолындағы қылыш күннің сәулесіне шағылысып тұрған кезде қонған шыбын екі бөлініп түсе берген. Оның мәні кімде кім адал болмаса осы сияқты жаза алады деген. Міне осыдан бастап Қылышты ата деп кеткен. Міне, осындай киелі баба рухына тағзым етіп, есімін дәріптеу бүгінгі ұрпаққа аманат жүгі деуге болады, – деп қысқаша тарихқа тоқталды.
Төлегетай кесенесі найман тайпаларының негізін қалаушылардың бірі, қаракерей, матай, садыр, төртұлы руларының ата-бабасы. Төлек ата жөнінде аңыз әңгімелер көп. Төлек ата кесенесі Қылышты ата кесенесімен бірге. Қылышты ата діни сауатты күшті әулие болған адам. Төлек ата, Қылышты атаға өкіл бала болып, діни сауатын аша жүріп тәрбиесін алады, қойын бағады. Төлек атаны сынау үшін  қойды құм ішінде су жоқ жерге жайғызып қайдан суарып жүргенін білу үшін аңдиды. Сөйтсе Төлек ата аса таяғымен жер сызып су шығарып суарады екен. Төлек атаның жетілгенін біліп, өзінің қызын беріп күйеу бала етеді. Міне осы Төлек атадан 4 ата найман тарайды.
Жыл сайын мұнда баба ұрпақтары тағзым етіп, арнайы Құран бағыштап тұрады. 
15 қараша 2020 ж. 695 0