
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ата-бабамыздың танымында Наурыз адам мен табиғаттың «жаңаруы», жаңа өмірдің бастамасы ретінде қабылданған. Ұлыстың Ұлы күні деп аталуының мәнін ел аузындағы аңыз былай түйіндейді: «Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны...








