№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ



Бүгін Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Жаңақорған кентінің орталық стадионында кең ауқымды спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл шараға аудан тұрғындары, жастар мен спорт сүйер қауым қатысты.

Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Қазақтың төл спорт түрлері насихатталып, қатысушылар өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, арқан тарту, қазақша күрес, асық ату, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындардан жарыстар өткізіліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл сайыстар жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

#Жаңақорған
20 наурыз 2026 ж. 623 0