ӨҢІРЛІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.
Жиынға кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов, тиісті басқарма өкілдері мен кеңес мүшелері қатысты.
Отырыста кеңестің 2025 жылдағы жұмыс қорытындысы және отырыс хаттамаларының орындалуы талқыланып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы Жол картасының №37 тармағына сәйкес «Дипломмен ауылға» жобасының жүзеге асырылу барысы қаралды.
Жиын барысында партияның Сайлауалды бағдарламасындағы Қызылорда облысында іске асырудың Жол картасының №37 тармағындағы «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек хабарлама жасады.
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында өткен 2025 жылы тұрғын үй салу немесе сатып алу үшін 193 маманға 1,7 млрд.теңге жеңілдетілген тұрғын үй несиесі берілді. Сонымен қатар, 2025 жылы 627 маманға 230,4 млн. Теңге біржолғы көтерме жәрдемақы үлестірілді. Бүгінгі таңда аудандық бюджет есебінен біржолғы көтерме жәрдемақыға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жыл аяғына дейін 464 маманға 200,7 млн. теңге біржолғы көтерме жәрдемақы берілетін болады.» дейді басқарма басшысы баяндамасында.
Жиында кеңес мүшелерімен ұсынылған мәліметтер бойынша ақпараттар кеңінен талқыланып, ұсыныстар хаттамаға енгізілді.




