№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бау-шарбағына бақ қонақтаған

Бау-шарбағына бақ қонақтаған

Бір қазаннан жиырмадан асқан жан ас ішетін айрандай ұйыған отбасында берекенің көзі боолып отырған Әлия анамызбен сөйлесе отырып, шаңырақтың өнегесі тап осы кісінің өзі екенін аңғарғандай болдық. Алдына келген кісінің меселін қайтармай, сұрағанын беріп, қолынан келсе жақсылық жасауға даяр тұратын осы отбасының егесі – мәрт тұлғаның көзін көргендер әлі күнге сағына еске алады. Жақсылығы өткен жандардың сырттай тілеулес болып жүргендігінен болар, бау-шарбағының басына бақ қонақтаған.Жақсылығы мен жамандығы қатар жүретін мына жалған өмірде өзінің парасатты ізімен кейінгілердің жүрегінде қалған Әріпхан Сабырұлының артында қалған ұрпағы бүгінде үлкен әулет болып отыр. Жары Әлия анамыз талай жыл медицина саласында қызмет етіп, бүгінде зейнет демалысында. Осындайда Мұхтар Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп айтқаны еске түседі. Бүгінде Әлия анамыз бар немересін бауырына басып, оның бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп отыр. Немерелеріне ертегі айтып, өнерге баулуда ерінбей түрлі үйірмелерге өзі апарып жүр. Шұғыласы Абайдың алпысқа тарта өлеңдерін жатқа біліп, талай рет Абай өлеңдерін оқудан жүлделі орынға ие болды. Өзінің де ептеп ақындығы бар. Домбыра-терме үйірмесін бітіріп, ұлттық аспаптың құлағында ойнайды. Немересі Мағжан да домбыра үйреніп жүр екен. Әп дегеннен домбырасын қолына алып, күмбірлете орындаған күйлерімен сусындап әдемі бір күйге бөлендік. Шахназы би үйірмесіне, Әлиханы футболға барып жүр екен.
– Бала тәрбиесі жөнінде халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған халықтық ілімі бар. Біз қазақ «бәрі балам үшін» дейтін халықпыз. Бала әрбір отбасының алтын діңгегі. Берекесі басым отбасында бала бақытты болып өседі. Немерелеріме атасынан қалған әділеттілік, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерді өнеге қыламын. Үлкен атасы да жаны жайсаң, бірсөзді кісі болатын. Соғысқа барып, жараланып қайтқан. «Егемендік алған елімді, ұрпақ сүйгенімді көргеннен асқан қандай бақыт бар» деп шүкіршілігін айтудан бір танбаған жан еді. Оқ пен оттың ортасында жүрген сан қилы сойқанға куә болған атам осылай өсіп-өніп жатқанымызды көріп кетті. Апам да келіндерін қызынан кем көрмейтін жаны аяулы кісі еді. Олардан өнеге алып, бүгінде қыздарымыз бен келіндерімізге ене болып, бар білгенімізбен бөлісіп отырмыз. Шүкір, ұлдарым әке жолын жалғап, бір-бірін демеп келе жатыр. «Әкенің тәрбиесі балаға қырық жыл азық» демей ме, шүкір ұлдарым мен келіндерім алдымнан кесе көлденең өтпейді. Кез-келген істі ақылдасып бірге шешеміз, – дейді ана.
Әр баласын айтқанда аналық сенім, кез-келгеніне шынайы қуат дарытатындай. Үлкенінің айтқанын екі етпеген кішісіне деген ағалық ізетті, кішісінің үлкенін қадір тұтқан құрметін көрдік бұл шаңырақтан. Абысынды-келіндер қабақпен ұғысып, не тірлікке даяр тұрған пейілдерін айтсаңшы. «Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса, ас көп» деген мақал осындайда айтылса керек. Есіме өзім оқыған кітаптағы мына бір мысал еріксіз түсіп отыр.
Ағайынды екі жігіт бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріпті. Мұның сырын сұрағанда ағасы «інімнің мықтылығынан шығар» десе, інісі: «Ағамның кеңпейілдігінің арқасы ғой. Ата-анамыздың тәрбиесі осындай болатын» деп жауап береді. Мұны естіген әйелдері іштей бір айлаға барады. Бір күні кешкісін әйелі "Қайын ағам біздің балаларымызға ылғи малдың артқы сирағын береді, өз балаларына қатарының алды болсын деп, алдыңғы сирағын беріп жүр" деп сыбыр ете қалады. Мұны естіген күйеуінің көңіліне күдік ұялап қалады. Осындай ұсақ-түйек, сыбыр-күбір жиілеп, ағасымен керісіп қалады. Ашуы тарқамаған күйі әйеліне «Жүр, бөлек кетеміз» деп ат іздеуге шығып кетеді. Ешкімнен жарамды ат таба алмай, кешке үйіне келеді. Қой етін қазанға салып күтіп отырған әйелдер асты алдарына қойып, «Артқы сирағы қайсы?» деп сауал қояды. Ағайынды жігіттер ажырата алмайды. Сонда әйелдері «Біз сіздердің сыйластықтарыңызды сынамақ болып едік, ал сіздер осы үшін айырылыса жаздадыңыздар» деп әңгіменің әз-әзілдігіне көздерін жеткізген екен. Сонда өзінің қателігін түсінген інісі айыбы үшін ағасынан кешірім сұрапты. Расында, үйдегі әйелдердің татулығы шаңырақ шаттығына әсер етпей тұрмайды. Міне, осы үрдісті үлгі ете алмаған талай бауыр бір-біріне жат болып жатыр.
Осындайда Махамбет Өтемісұлының да «Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік» деп айтқан сөзінің астарына үңілсек, бауырлардың бірлігі жатыр.
Бұл әулет өз кәсібінің жетік мамандары. Расымен бәрі еңбекқор. Ал қанатынан шыққан перзенттерінің басын біріктіріп, бір үйде өсіп-өнген ұл-қызға бағыт берген ана еңбегі ересен.
Тамыры тереңге кеткен бәйтерек сынды үлкен әулеттің тыныс-тіршілігінен әке өнегесінің ұмытылмас ұлағатын көргенде көңіліміз толқып оралдық.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА

20 наурыз 2021 ж. 1 442 0