№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Пайғамбар жоқ алатын панасына…

Пайғамбар жоқ алатын панасына…

Кімге ұқсатам білмеймін қандайымды,
Мама, кеп бір иіскеші маңдайымды,
Мама, енді сені табу қиындайды,
Ойласам көзден жасым тиылмайды.
Иа, мына өлең жолдарын оқи отырып, жетімдіктің қасіреті мен қайғысын сезінесің. Өзінің кім екенін, әке-шешесі қандай адам, қай елдің топырағынан шыққанынан бейхабар, ата-бабасын, әсіресе жеті атасын білмей өмір сүру қандай қиын? Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңіріп өскен халық. Алайда, соңғы уақытта іштен шыққан баласын далаға тастап, безбүйрек ана атанып жүргендер қаншама? Соның салдарынан елімізде жәутеңдеген қаракөздердің саны едәуір артып, жетімдер үйі көбеюде. Түсінген адамға байлық қолдың кірі емес пе? Кейде таң қаласың, кейбір жандар балаға зар болып, күні-түні үмітін үзбей, Алладан жалбарынып тілейді. Енді біреулері Алланың берген сәбиін көрінгеннің қолына тастайды. Біреулердің маңдайына жазылмаған бақты біреудің аяққа басатынын көрмейсіз бе?
«Адам ұрпағымен мың жасайды» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаса керек. Қай мемлекет болсын, бірінші кезекте оның халқы, болашақ ұрпағы тұрады. Өйткені, халықсыз мемлекетті елестету мүмкін емес. Белгілі бір мемлекеттің қалыптасып, ілгері дамуы үшін сол мемлекетте тұратын әрбір адамның саналы болуы, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Бірақ, қарап отырсақ, көптеген ата-аналарымыз өз міндеттерін жете түсініп, мойынсынбайтыны анық байқалуда. Тұрмыс жағдайын, тағдыр тауқыметін сылтау етіп, балаларынан бас тартады немесе тастап кетуді әдетке айналдырған. Тіпті, соңғы кездері таңданып та қарамайтын болдық-ау. Көзі қиып, жүрегі шыдап, шырылдаған сәбиін панасыз қалдырған тасбауыр жандар жер басып қалай жүреді екен? Осындай қатігездіктің салдарынан, дүние есігін ашпай жатып, өмір сынымен арпалысып, тағдыр тауқыметін арқалаған бұл балалардың қандай жазығы бар? Балаша қуанып, уайым-қайғысыз күн кешудің орнына, көзін тырналап ашқаннан-ақ жүректерін мұң торлап, асыр салып ойнаудың орнына, терезеге телміріп «менің әке-шешем қайда?» деп уайым жейтіндей кімге не жазып еді періште сәбилер? Жанарларын жәутеңдетіп, кім маған жылы сөйлер екен деп әркімге жалтақтатып, тірідей тастап кеткен ата-ана бұл қылығына не сылтау айтар екен? Әлде жүректері тас болып, темірдей мұздап кеткені ме? Өмірдің осындай аяусыз тұстарын көргенде құдай-ау, пенделерге мейірімділік пен қайырымдылықты бойларына сіңіре гөр деп еріксіз дұға етесің.
Бала – бақытымыз, болашағымыз, еліміздің ертеңі, ұрпағымыздың жалғасы екенін ешқашан естен шығаруға болмайды. Сондықтанда бұндай мәселеге бей-жәй қарамай, мемлекет тарапынан болсын, қарапайым халық тарапынан болсын біріге күш жұмылдырып, өзекті өртеген өкінішті шешудің жолдарын қарастыруымыз керек.
Әсел РЗАЕВА
14 наурыз 2021 ж. 677 0