№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тілін тауып, жанын ұққан баланың

Тілін тауып, жанын ұққан баланың


Динараның әр сабағы қызықты өтеді. Ол нағыз ұстаз болудың қыры мен сырын үйренуден, үйретуден ешқашан жалыққан емес. Әрбір сабағын көңілді өткізуге барын салып, бойындағы күш-жігерін, жан жылуы мен шуағын шәкірттеріне арнап келеді. Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық өнер терең өнер. Біз сөз еткелі отырған Динара Қалжанқызы дәл осындай сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз. Ол Жаңарық ауылындағы №167 орта мектептің география пәнінің мұғалімі. Бір ғажабы, ол үлкен психолог. Кіммен болсын тіл табыса біледі
Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға. Талмай іздену, маңдай терін төгу арқылы ғана ұстаз көп жетістіктерге қолын жеткізе алады.
– Жаңа ғасырдың жаңашыл, жеке тұлғасын қалыптастыруда жаңа технологияларды, жаңа әдістерді қолдануға тырысамын. Әсіресе оқушы білімін бағалау барысында әр сабақты дайын дүние бере салумен емес, бірінші тәжірибе жасап, сол тәжірибеден теория құрастыруға тырысамын. Яғни баланың тақырыпты толық игеруіне жағдай жасаймын. Сыныпта отырған 30 оқушының әрбіріне жеке тапсырмалар беріп, қалып кеткен тұстарын жетілдіріп, өткен материалдарды пысықтау мақсатында түрлі әдістер қолданамын.
Бүгінгі талап оқушыға білім берумен бірге оны білікті түрде қолдана алуына, оны дағдыға жеткізіп қана қоймай баланың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасай алуға үйретуге негізделеді. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған. Дегенмен осы кезге дейінгі дәстүрлі оқытуда оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелеп келді. Ал бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, – дейді ұстаз.
Әр мұғалім өз сабағының – көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Сұқбаттасу барысында оның оқытудағы өз міндетін оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту екенін аңғару қиын емес. Содан болар, сабақта оқушыларды жиі тақырып бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін қолдана отырып, жаңа тақырыпты түсіндіргенді жөн көреді екен. Себебі, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз ететінін тілге тиек етті.
Оқушыны география пәніне қызықтырумен қатар, әр сабақта оқушыларға жер атауларының шығуы мен тарихы туралы мəліметтер беріп отыруды жөн көретінін тілге тиек етті.
– Біз ұшы-қиыры жоқ кең байтақ, қызықты да қыр-сыры мол әлемде өмір сүреміз. Айналаңа қарасаң, бізді көптеген заттар жатқанын көресің. Олардың кейбіреулері адам қолымен, ал кейбіреулері табиғи жолмен пайда болған. Табиғи жолмен су, ауа, жер, ағаштар мен жануарлар, аспан пайда болды. Міне, осындай тылсым дүниенің сырын ашып, жас ұрпаққа түсіндіруді өзімнің парызым деп санаймын, – деп сөзін қорытты.
Иә, шәкірт жүрегіне жол тауып, ізгілік нұрын себуге ұмтылған ұстаз еңбегі қашан да бағалы. Енді ғана қалыптасқан жас шыбықтың бойындағы қабілетін дамыту арқылы өзін, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетін сезіндіруде мұғалім еңбегі қашанда ерен.
Әсел РЗАЕВА
17 наурыз 2021 ж. 650 0