№77 (8685) 30

30 қыркүйек 2023 ж.

№76 (8684) 26

26 қыркүйек 2023 ж.

№75 (8683) 23

23 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Сәуірде азаматтардың қай санаты вакцина алады?

Сәуірде азаматтардың қай санаты вакцина алады?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова сәуірде азаматтардың қай санатына коронавирусқа қарсы вакцина салынатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші кезеңде медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, күштік құрылымдардың өкілдеріне екпе жасадық. Осы санатқа вакцинация жалғаса береді. Вакцинаның қосымша үлкен жеткізілімі түсетіндігін ескере отырып, созылмалық аурулары бар, тәуекел тобына кіретін адамдарды вакциналау көзделеді. Сонымен қатар медициналық-әлеуметтік және өзге де жабық мекемелердің қызметкерлері мен контингенті вакцина алады. Өйткені, жабық мекемелерде коронавирус инфекциясының таралуы тәуекелі біршама жоғары», – деді ол. Оның атап өтуінше, алдағы уақытта халықтың басқа санаттары, оның ішінде 65 жастан асқан зейнеткерлер де коронавирус инфекциясына қарсы екпені біртіндеп алатын болады.
«Қарағанды медициналық фармацевтика кешенінде 600 мың доза вакцина шығарылатын болады. Бұл осы уақытқа дейін жасалған келісімшарт аясында жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қосымша қажет екпеге байланысты «Спутник V» вакцинасын өндірушілермен келіссөз жүргізіліп жатыр», – деді Айжан Есмағамбетова.
19 наурыз 2021 ж. 412 0