№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қатынқамал үңгірі - шетелдік және жергілікті жиһанкездерді қызықтаратын мекен

Қатынқамал үңгірі - шетелдік және жергілікті жиһанкездерді қызықтаратын мекен


ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Негізінен шөлді аймақта орын тепкен Қызылорда облысының оңтүстік аймағында қарт Қаратау ұзыннан ұзақ созылып жатыр. Ол Жаңақорған және Шиелі аудандары аумағында орын тепкен. 
Сол Қаратау қойнауында қаншама құпия бар. Тау сілемінің Қызылорда облысына енген тұсындағы Қатынқамал үңгірі қазірге дейін ғылыми тұрғыда толыққанды таразыланған жоқ. Қатынқамал үңгірі - шетелдік және жергілікті жиһанкездердің көзінен таса қалып қойып жүрген туристік орындардың бірі. Осы орайда аталмыш үңгір жайындағы деректер мен мәліметтерді ҚазАқпарат тілшісі таразыға тартып көрген еді.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында ертеден елмен етене болып келе жатқан рухани құндылықтарды бағалау жайында айтылған еді.
Қатынқамал Жаңақорған ауданындағы Бірлік ауылынан 20 шақырымға жуық қашықтықта жатыр. Қаратаудың етегінде ағып жатқан Ақүйік өзенінен 500 метрдей биіктікте орын тепкен. Үңгірдің пайда болуы жөнінде мынадай деректер айтылады.
«Геологиялық тұрғыдан жобаланғанда таудың күнгей бетінде үлкен терең жарылыстың ізі бар. Ғалымдардың айтуынша, көне бір кезеңде бұл өңірде қатты жер қозғалысы болған. Ол жердің қақ айырылуына алып келген. Таудың биік жағы бірден төмен түсіп кеткен көрінеді. Сол кезде жарықтан жер дұрыс қабыспай қалған», - деді Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, география ғылымының кандидаты Оразхан Айдаров.
Елдің арасына аңыз болып тараған мынадай әңгіме де бар. Қаратаудың ұшар басындағы осы үңгірге жоңғар шапқыншылығы тұсында қырық қыз-келіншек пен балалар паналаған екен. Олар соғыс аяқталғанша сонда өмір сүрген. Ас-ауқатты ер-азаматтар түнге қарай жеткізіп тұрған. Үңгір сол себепті Қатынқамал аталып кеткенге ұқсайды.
Құпия сырды ішіне бүккен Қатынқамал үңгірі жергілікті талай журналиистің қызығушылығын туғызды. Солардың қатарында бүгінде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқаратын жергілікті журналист Ержан Байтілес те бар. Ол Қаратау қойнауында жатқан үңгірді көзімен көріп, алған әсері жөнінде республикалық басылым беттерінде мақала жариялған болатын.
«Үңгірдің дәл алдынан көтерілуге болады. Бірақ алдында сарқырап Ақүйік өзені ағып жатыр. Күздің күні суық суды кешіп жүруге аса зауқымыз соқпады. Бір бүйіріндегі таудан асып түсетін жалғыз аяқ жол бар екен. Сол арқылы Қатынқамалға баруға бекіндік. Төбеге көтерілгенде төңіректің сұлулығы ғажап енді. Сөредегі кітапты көз алдыңызға елестетіңізші. Міне, таудың да тастары солай қаз-қатар орналасқан. «Қатпар-қатпар Қара­тау» деп тақырып қойып отырғанымыз да соның әсері. Тап бір адам қолымен қаланған сияқты. Асықпай-аптықпай, бір-бірлеп қалап шыққандай», - деді жергілікті журналист Ержан Байтілес.
Ылдидан қараған адамға үңгір көзге шалына қоймайды. Ақүйік өзені таудың осы тұсында ағып жатыр. Аталмыш өзенмен екі жағынан құз-жартастар жалғаса береді. Олар аяқталар тұста үңгір орналасқан. Жан-жағы биік. Өзі тар қуыста орын тепкен. Маңайда жатқан қоқыс тастар мен топ шеңгелдер үңгірді бүркемелеп тұр. Оның ауызын көрсетпейді. Таудың етегінен көтеріліп, өрмелеп шығу мүмкін емес. Айналма жолдар арқылы таудың басына шығуға болады. Содан кейін қия-қия соқпақтар арқылы адамдар үңгірге төмен түседі. Жолдың жайын білетін жергілікті тұрғындар болмаса, оған көп адам бара алмайды.
Жаңақорғандық журналист, марқұм Құдайберген Ертасовтан бұл жайында бірқатар деректерге қаныққан едік. Ол кісі 1975 жылы аталмыш үңгірдің ішін аралап көрген. Бұл жайында ол аудандық газетке мақала жазды. Ол кісінің айтуынша, үңгірдің ауызы өте тар. Адам еңкейіп, зорға кіре алады. Әйтсе де ары қарай жол кеңейе түседі. Үңгірдің ауасы өкпе қысарлықтай емес. Таза екені тыныс алғанда бірден білінеді. Түкпіргі бөлігінде жел соғып тұратын саңылау бар секілді. Үңгірде он-он бес қадамдай әрірек жүргенде жарық сөніп қала беріпті. Үңгірдің табанында ұлпа тәріздес ақ ұлпа шөгіп қалған. Тас үйдің іші дымқыл тартып тұрады. Төбесінен су тамшылайды. Үңгірде адам түрегеп жүре алатындай жағдай бар. Ішінде сәл ғана дауыстың өзі жаңғырып естіледі.
«Халық арасында үңгірдің өте ұзын екені жиі айтылады. Оның екінші басы Талап елді мекені тұсындағы Талдысу өзеніне дейін жететін көрінеді. Көне заманда осы екі аралықта адамдар қатынаған болуы әбден мүмкін. Бүгінгі күндері бұл аралықта ешкім жүріп көрмеген. Екі аралықтың ұзындығы 18-20 шақырымға жуықтайды. Үңгірдегі әрбір дыбыстың жаңғырып естілуіне қарағанда ауасы тар еместігін аңғару қиынға соға қоймас», - деген еді Құдайберген аға.
Туризм саласына ерекше мән беретін өркениетті елдерде мұндай орындар көзден таса қалып қоймас еді. Өкінішке қарай, біздің елімізде әлі күнге дейін осындай жерлерге мән берілмей келе жатқаны жасырын емес. Қатынқамал үңгірі талай шетелдіктің таңдай қағатын мекеніне айналары даусыз.

ДЕРЕККӨЗ: kazinform


03 тамыз 2019 ж. 1 080 0