Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

ҚАТЫНҚАМАЛ


Өркеш-өркеш болып түйедей шөгіп жатқан қатпарлы қарт Қаратаудың басынан не өтпеді?

Заманалар тылсымына еніп кеткен, малын жайғап, бейбіт өмір сүріп жатқан қарапайым халықтың басына зәрін төккен талай-талай аласапыран оқиғалардың куәсі болған бұл Қаратау. Ауылдардың мал-мүлкін талап, халықтың тоз-тозын шығарып, елді елдігінен айыра жаздаған жаугершілік замандарда талай жандардың панасы болған бұл Қаратау!
Сондай аласапыран оқиғалардың бірі – ХVІІ ғасырдың бас кезіндегі қонтайшы Цэван Рабданның баласы Қалден Церен бастаған жоңғарлардың тосын шабуылы болды. Жер қайысқан қалың қолмен Шығыстан Қаратауды бетке алып, жоңғарлардың бұл жасаған жантүршігерлік толассыз шабуылы мал жайылымы ыңғайымен көшіп жүрген қазақтардың тез қосылып ұйымдасуына үлгертпеді. Ел басына ауыр күн туды, жазықсыз жандардың қаны төгілді. Мал-мүліктер таланды. Ер азаматтар сүйем жер үшін қасық қаны қалғанша жаумен айқасып жатты. Алысқа қашып үлгере алмай қалған қатын-қалаштар, бала-шағалар тау-тасты паналады. Ел басына қара бұлт боп үйірілген «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» басталды. Міне, осындай ауыр зұлматты күндерде тау өңірін мекендеген ауылдың қыз-келіншектеріне пана болған, оларды селдей қаптап келген қара жүрек жоңғарлардың қанды шеңгелінен аман алып қалған Қаратау басындағы Қатынқамал үңгірі еді.
Ел арасында аңыз боп тараған, көнекөз қариялардан бізге жеткен әңгімелерде жоңғар шапқыншылығына Ақүйік өзені бойында Қаратаудың ұшар басындағы осы үңгірге қырық қыз-келіншек паналаған. Ақүйік өзені екі таудың арасындағы аңғармен бетін күншығысқа түзеп ағып жатыр. Қатынқамал осы өзенмен қапталдай жарысқан құз-жартастар аяқтала берген тұста сол жағалаудағы биік тар қуысқа орналасқан. Бұл үңгір бағы замандардағы үлкен бір табиғи қопарылыстан пайда болған секілді.
«Жаңарған Жаңақорған» кітабынан.
14 наурыз 2018 ж. 2 137 0