Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Азиядағы ең ұзын үңгір

Азиядағы ең ұзын үңгір

         Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы Шуанхэ үңгірі Азиядағы ең ұзын үңгір болып танылды, - деп жазады Синьхуа. Шуанхэ үңгірі ұзындығы бойынша әлемде алтыншы орынды алады. Бұл туралы сенбі күні зерттеушілер баспасөз мәслихатында хабарлады. Соңғы өлшеуге сәйкес, Цзуньи  қаласы Суйян  уезі Вэньцюань кентінің аумағында орналасқан Шуанхэ үңгірінің ұзындығы 238,48 шақырымды құрайды. Ол Азиядағы ең ұзын үңгір саналған Малайзиядағы Гуа-Эир-Джерних (Clearwater) үңгірін басып озды.   Айта кетейік, Шуанхэ үңгірі 1980 жылдардың соңында табылған. Содан бері бұл жерде 19 ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. 
Дереккөз: inform.kz
09 мамыр 2018 ж. 1 763 0