№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тірі тарих Мұсахановтың мұрасы

Тірі тарих Мұсахановтың мұрасы

    
                   
Құрылғанына 90 жыл толып отырған Жаңақорған ауданының тарихымен есімі тығыз байланысты бір тұлға бар. Ол – Зұлпыхар Мұсаханов атамыз.
Мұсаханов Зұлпыхар – менің ғана атам емес, ол өскен ел, туған жер перзенттерінің баршасының ардақты азаматы, ата мекеннің ардақты перзенті.
Бүгінде бүкіл ел игілігін көріп отырған «Тайпақкөл», «Сунақата», «Көктас», «Күркіреуік» каналдарының құрылыс жұмыстарында оның еңбегі ересен.
Тумысынан дарын иесі, көккірегі ашық, зерек ойлы жас ең алдымен өмірден мол сабақ, мол тағылым алған жан. Тағдыры сынаққа толы. Аса зеректігімен сол қиыншылықтарды жеңіп, елі үшін ерен еңбек жасаған тұлға деп айта аламыз.
Еңбек жолын есепшіліктен бастады. 1933-38 жылдары аудандық комсомол комитетінің хатшысы болды. Он алты жыл аудандық жер бөлімінің бастығы, Жаңақорған МТС-нің жетекшісі, кейін МТС директоры, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарды.
1966 жылдан 1981 жылға дейін Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды.
Тіршілік көзі – су. Бүкіл қажырлы еңбек жолын ауданды суландыруға, егін алқаптары көлемін арттырып, мал жайылымын тұрақтандыру тер төкті. Жер жағдайын жақсы білуімен беделі биік, сөзі өтімді, өз ісінің нағыз майталманы бола білді.
Алпысыншы жылдардың бас кезінен бастап Сырдарияның сол жақ өңірінде әлі игерілмей жатқан Түгіскен алқабын қолға алу мәселесі қайта-қайта сөз бола бастады. Ұзамай қолға да алынды. 1966 жылы көктемде Түгіскен тыңына Келінтөбе магистралдық каналының құрылысы басталып, қысқа мерзімде аяқталды. Тұңғыш рет «Келінтөбе» кеңшары ірге көтеріп 205 гектар күріш егіп, әр гектарынан 40 центнерден өнім берді. Келінтөбе каналының құрылысын жүргізу штабының басында Зұлпыхар Мұсаханұлы жұмыс атқарып, науқан нәтижелі аяқталды. Тың алқабында «Келінтөбе», «ХХІV партсъезд», «Түгіскен», «Қожакент», «Өзгент», «Задарья» кеңшарылар шаңырақ көтерді. 1968 жылдың 28-ші сәуір күні «ХХІІІ партсъезд» кеңшарына су келді. Сағасынан бастап есептегенде 67 шақырым 300 метрге жуықтады.
1969 жылдың 9 қыркүйек күні Түгіскен массивіне еліміздің бас хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы ораққа дайындап жатқан күрішті көріп, арнайы тігілген киіз үйге келіп түсті. Сол кезде Зәкеңмен ерекше амандасып, ілтипат танытты. Ол кісі Бектұрғановқа қара «Мы товарища Мусаханова давно знаем. Он крупнейший деятель области», деп Зәкең туралы жақсы пікір білдіргені туралы естелік – Шаруашылық жұмыстарымен қатар ол халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-күйін көзден таса еткен емес. Зәкең өте сыпайы, барынша таза, әрі әділетті еді. Қайсыбір істе болмасын оған өтірік айтып, болмайтын істі болады деп шығарып салу мүмкін емес еді. Алдын-ала қанша дайындалып, барлығын жөндеп, енді осыдан кемшілік таба алмайтын шығар деп өзіңе-өзің ырза болып отырғаныңда, сол жұмысыңның қыруар кемшілігін нұқып көрсетіп, көз алдыңда қайта істететін. Берген тапсырмасын қашан орындағанша бақылаусыз қалдырмайтын. Ал орындалуы мүмкін емес, шамаң келмейтін тапсырманы бермейтін, – дейді замандасы Сүлеймен Мырзаев аға.
Қазірде атаның өмір жолдары, атқарған қызметі туралы құжаттар мемлекеттік сақтаудағы архив қорындағы құжаттар туған өлкен мен мемлекеттің тарихын зерттеп қана қоймай, аудан экономикасының өсіп өркендеуі мен дамуына үлкен үлес қосқан азаматтардың өмірін зерделеуде өте маңызды дереккөз болып табылады.
Мұсахановтың мұралары да аудандық архив сөрелерінде жеке тектік құжаттар санатында қатарында қатталып, кейінгіге мол деректерімен қымбат.
Тағдыры елімен етене өрілген өз атамды мақтаныш ету аз, осы саланың қызметкері ретінде ата мұраларын мәпелеп күллі, ұрпақ игілігіне ұсына алсам шын бақыттымын деп есептеймін. Бақыттың үлкені – халықтың ұлы болу. Менің атам.
                                                 Рахат Мұсаханова Адырбекқызы, Жаңақорған аудандық архивінің қойма меңгерушісі.
24 шілде 2019 ж. 825 0