» » СЕЙІЛБЕК ШАУХАМАНОВ

СЕЙІЛБЕК ШАУХАМАНОВ


 С.Шаухаманов 1939 жылы 15 мамырда Жаңақорған ауданы Өзгент ауылында туған. Ол 1957 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтына түсіп, оны 1962 жылы инженер мамандығы бойынша бітірген. 1962-1967 жж. Шиелі РТС-нда бақылаушы-инженер, 1967-1968 жж. Сырдария, Тереңөзек аудандық комсомол комитеттерінің бірінші хатшысы, 1968-1974 жж. Тереңөзек ауданы Партияның ХХІ съезі атындағы кеңшарға директор, 1975-1980 жж. Жалағаш аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, 1980-1983 жж. Сырдария аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1983-1987 жж Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды.  1987 жылдың маусым, шілде айларында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті партия органдары бөлімінің инспекторы, 1987 жылдың шілдесінде Талдықорған облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағалығына сайланды.
         Сейілбек шаухаманов 1989 жылдың шілдесінде Қызылорда облыстық партия комитетінің бірініші хатшылығына сайланды. 1991-1992 Қызылорда облыстық кеңесінің төрағасы болды. 1992-1995 жж. Қызылорда облысының әкімі, 1995-1997 жж. ҚР Парламенті Сенатының депутаты т.с.с. біреше лауазымды қызметтерді атқарған азамат.
         С.Шаухаманов ауыл шаруашылығын дамытудағы белсенді қызметі үшін екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Үш рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына, екі рет Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланған. Ал КПСС ХХVІІ съезінде Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланған бірінші қызылордалық. Ол экономика ғылымдарының кандидаты.
«Жаңарған Жаңақорған» кітабынан.
09 сәуір 2018 ж. 3 235 0