№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тарих тірілген тебіреністі сәт

Тарих тірілген тебіреністі сәт


Cыр елі – қашаннан тарих тұнған өлке. Ақын-абыз, жыраулар мен сыр сүлейлері, шайырлар – қасиетті мекеннің басты байлығы. Осындай тарих тудырған төл перзенттердің өмірі мен өткенін ұлықтап, бүгінгінің бағасын білу – қазіргі ұрпақтың мойнына артылған міндет. Бұл туралы Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында жіті айтқан болатын. Бағдарламалық құжатты ел-елге, шалғай ауылдарға насихаттау мақсатында түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Соның айқын дәлелі – М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен жылжымалы-мәдени демалыс кешенінің облыстық байқауы.


ҚР еңбек сіңірген ауылшаруашылығы қызметкері, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» орденінің иегері, Жаңақорған қонысының құрметті азаматы» Зұлпыхар Мұсахановтың туылғанына 105 жыл толуына арналған «Сыр елінің рухани құндылықтары атты мәдени шара Ұлы Отан соғысы жауынгері, танкист Айтмағанбет Накиповтың туылғанына 95 жыл толуына орай сценарийстердің марапаттау рәсімі­мен қатар өрбіді. Өркениеттің озық көрсеткіші суреттеліп, бағзы бабалардың баянды тіршілігі насихатталған байқауға – Арал ауданынан «Ұлы дала ұрпақтары, «Қазалыдан «Жібек жолы», Қ.Қазантаев атындағы демалыс кешенінен «Nomad» Жалағаш тобы мен Сырдария ауданынан «Ұлар» және жаңақорғандық «Аманат» тобы қатысты. Патриоттық мақсатты негіз еткен салтанатты жиын 3 кезең бойынша өрбіді. Біріншіден, қатысушы топтар «Ұлы Даланың жеті қырын» насихаттау мақсатында ауылдарды аралап, жолдауды түсіндіргені жайлы бейнекөрініс. Екіншісі, аталмыш жолдауды көрермен көзіне композициялық сюжет арқылы жанды түрде бейнелеп жеткізу. Үшіншісі, ел тарихына байланысты түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беру.
Руханият көкжиегін кеңейтуге бағытталған байқаудың біздің жерде өтуі бекер емес. Себебі, «елім, жерім» деп емірене еңбек еткен арда азаматтар Зұлпыхар Мұсаханов пен Айтмағанбет Накиповтың ерлігін ел есінде жаңғырту – жолдау бағыттаған негізгі идеяның бірі болса керек. Жаңақорған аудандық әкімдігі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, облыстық Халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы мұрындық болған байқауға облыс орталығынан қонақтар келіп, әділқазылық етті. Атап айтсақ, облыстық орталықтың мониторинг, талдау және әдістемелік бөлім меңгерушісі Зина Кенжетаева мен орталық маманы Райкүл Сәрсембаева, «Дала жұлдыздары» халықтық үгіт-насихат бригадасының режиссері Қалберген Арқабаев игі шараға өз бағасын берді.
Салтанатты шараның ашылуына сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков:
– 1932-1933 жылдары еңбек жолын аудандық мәдениет бөлімі мен Жаңарық колхозында есепшіліктен бастап, 1937 жылы аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып сайланған З.Мұсаханов 1939 жылы Сырдария өзенінің бойынан егін егуге бейімдеу мақсатында канал қазуды жоспарлаған. Каналдың қазылуы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келгендіктен, ер-азаматтар соғысқа аттанып, канал қазу жұмысы әйелдерге қалады. Сондай қиын қыстау кезеңде басшылықтан арнайы сұранып, «Еңбек ері» канал қазу жұмысын өз мойнына алады. Ел басына күн туған шақта бас көтеріп, «Көктөбе, Тайпақкөл, Көкарал, Келінтөбе» магистралының қазылуына ықпал еткен елжанды тұлғаның осылайша аты көпке мәлім болады. Көзі тірісінде аудан әлеуеті мен экономикасы үшін сүбелі үлес қосқан арда азаматтың ерен ерлігі ешқашанда ұмытылуға тиісті емес. Олай болса, отаншылдық рухты асқақтатар қатысушыларға сәттілік, – деді.
Әрі қарай сценарийстердің жабық байқауында жеңіске жеткен мәдениет майталмандарын арнайы «Алғыс» хатпен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
– Жаңақорған – тұмса табиғатты, саф ауалы жәннат мекен. Күн-түні ұйық­тамаған еңбектің нәтижесіне бүгін жеттік. «Бас жүлдеге» ие болдық. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Көп ішінен топ жару – бізге бұйырған бақыт екен. Бұл қазалылық топтың жетекшісі Жантұрған Тоқмағанбетовтың пікірі.
Салтанатты жиынның қорытындысы бойынша қазалылық «Жібек жолы» бас жүлдеге ие болды. Жалағаштықтар бірінші орынды қанжығаға байласа, шиелілік «Қызғалдақ» тобы мен аралдық «Ұлы дала ұрпақтары» екінші орынның тұғырынан көрінді. Ал, сырдариялықтар мен жаңақорғандық жерлестер үшінші орынды місе тұтты.

P.S.: Қойнауы құтқа, торабы тарихқа тұнған Сыр өңірі – қашаннан мәдениеттің ошағы. Бұл байқауда оза шауып, төске өрлеген мәдениет мамандары ата-баба рухына дем беріп, төл тарихты қайта тірілтті.

Ханзада ТӨРЕХАН.
09 мамыр 2019 ж. 941 0