№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САДЫҚБЕК САПАРБЕКОВ

САДЫҚБЕК САПАРБЕКОВ


Жаңақорған ауданында туған қоғам және мемлекет қайраткері. 1919 жылдан Компартия мүшесі, Жетісу облыстық комсомол комитетініңсекретары, Ташкентте Сырдария облыстық қабылдау комиссиясы коллегиясының мүшесі, «Қосшы» одағы облыстық комитетінің төрағасы. 1925-1927 жылдары Сырдария, Петропавл губерниялық партия комитеттерінде бөлім меңгеруші, 1928-29 жылдары БК (б)П Қазақ өлкелік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1930-1932 жж. Ақмола округтік және Қарсақбай аудандық, 1932-1933 жж. Шығыс Қазақстан облыстық, 1933-39 жж. Қызылорда аудандық, 1936-37 жж. Қарағанды облыстық, Гурьев округтік, Батыс Қазақстан облыстық және Орал қалалық партия комитеттерінің хатшысы, бірінші хатшысы болды. Қазақстан Өлкелік VII-VIII конференцияларының делегаты, Өлкелік партия Комитетінің мүшесі, бюро мүшесі. Қазақстан Компартиясы І съезінің делегаты, Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшелігіне сайланды.

         Саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1937 жылы қараша айында тұтқындалып, 1938 жылғы 26 ақпанда атылған.
         С.Сапарбеков – қоғам және партия қайраткері болуымен бірге қаламы қарымды журналист-көсемсөзші. Оның «6 партия конференциясының қорытындылары», «Кәмпеске қорытындылары», «Мәдениет майданындағы міндеттеріміз» атты кітаптары мен мәдениет пен ағарту тақырыбында көптеген мақалалары жарық көрген. Қайраткердің 110 жылдығына арнап Х.Тұрсынның құрастыруымен 2013 жылы «Садықбек Сапарбеков: шығармалары, құжаттары мен материалдары» атты жинақ жарық көрді.
         1957 жылы ақталған. Ауданда С.Сапарбековтың атымен мектеп, көше аталады. Жаңақорған ауданы бойынша «ХХ ғасыр адамы» деп танылған.
«Жаңақорған» кітабынан.
07 сәуір 2018 ж. 2 580 0