№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Тау самалындағы» домбыра мерекесі

«Тау самалындағы» домбыра мерекесі


Ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп жеткен асыл қазынаның бірі – домбыра қазақ халқы үшін қашанда киелі саналады. Ұлттың мәдениеті мен әдебиеті, толғамы терең тарихы осы музыкалық аспаппен үндесіп жатқандай. Расында, тарлан тарихпен үндесетін домбыра тілінде қазақтың қаншама сыры жатыр. Сондықтан, Мемлекет басшысы шілде айының бірінші жексенбісін Ұлттық домбыра күні деп белгілеп, барша қазақстандықтарды ұлттық мерекені тойлауға рұқсат берді. Бұл тойдың жалғасын Қаратау етегінде қоныс тепкен Құттықожа ауылындағы «Тау самалы» тынығу лагерінен де естідік.
«Күмбірле, күміс домбыра» атты тақырыпта өрбіген кеш демалушыларға рухани азық сыйлады. Тынығушыларға киелі аспапты насихаттай отырып, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында өткен шараға өнерлі жастар ат салысты.
Сонымен, балалардың асыға күткен концерттік бағдарламасы басталды. Алдымен, салтанатты шара қазақша бимен ашылды. Алғы сөз алған «Тау самалы» тынығу лагерінің директоры Болат Шерімбетов жас тынығушыларды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
– Астана қаласының 20 жылдығы мен Ұлттық домбыра күні аясында ұйымдастырылып жатқан шараға жиналған таланттылардың талабы таудай. Олардың болашағынан үлкен үміт күтеміз. Сондықтан, барлық кеш қонақтарын осынау мейраммен құттықтаймын, – деген лагерь директорының ыстық ықыласын «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының кеңесшісі Нариман Жакудаев пен Асхат Ілиясов жалғады.
Құттықтау сөзден кейін күмбірлеген күйлер шертілді. «Әлшекей» өнер мектебінің домбыра жетекшісі Гүлжазира, оқушылар және лагерь тынығушылары Құрманғазының күйі «Балбырауынды» нақышына келтіре орындады. «Жезкиік», Дәулеткерейдің күйі «Көріғұлы» және Абдулхамит Райымбергеновтың «Әлқисса» күйі көпшілікке тарту етілді.
Кешті қорытындылаған Болат Шерімбетов өнерпаз балаларды марапаттап, қошемет көрсетті.

Өмірбек БЕКТЕМІР.
03 шілде 2018 ж. 1 371 0