№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жүректілік– сарбаздың қасиеті

Жүректілік– сарбаздың қасиеті


Сол бір сұм соғыс жылдарындағы отты күндер адамзат санасынан еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет. Жеңісті жақындатқан жауынгер аталарымызға қандай құрмет көрсетсекте лайықты. Айбынды білектерімен Отан үшін бар күштерін сарқыған кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымызды ардақтау-абыройлы міндет. Міне, кешегі бейбіт аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-майданға аттанған жауынгердің бірі – Нұрман Асанов. Биыл Бесарық ауылында Жеңістің 74 жылдығын қарсы алған майдангер атамыздың хал-жағдайын біліп, тілдесіп қайтқан едік.


Біз сөз еткелі отырған тұлғаның болмыс бітімі бекзаттықпен өрілген. Батагөй ақсақал. Бүгінде тоқсанның төріне шыққан төбе би. Сонау отты жылдардан аман-есен оралып, елдің еңсесін тіктеуде еңбегі ерен. Ел алдында беделі биік. Тоқсан төрт жастағы қарияның қан майдандағы отты жылдары әлі көз алдында.
«Тағдыр жазды, аман оралдық, еңбекке араласып, ел игілігіне жұмыс жасадық. Шайқастан аман шыққаным өң мен түстің арасы секілді. Ал, қабатында майдандасыңның қаны төгіліп жатады» – деп әңгімесін бастады майдангер атамыз.
1942 жылы Кеңес әскерінің қатарына алынған жас Нұрман бүгінгі Жамбыл облысына қарасты Луговой ауданында №51 Авиация училищесінде алты ай бойы әскери өмірдің қыр-сырына қанығып, «әуе шабуылының атқышы» деген тілдей қағазға ие болады. Тағы да алты ай Ашхабадта әскери шеберлігін шыңдайды. Осылайша, 1943 жылы Тула қаласындағы 300-дивизия құрамымен қан майданның ортасына түседі. Онда 904-әуе полкының атқышы болып Гомель, Польша қалаларын азат етуге қатысады. Бұдан бөлек 173-шабуылдаушы авиация полкінде және 16-әуе-десант әскері құрамында болған.
Бүгінде бейбітшілік заманның берекесін тілеп отырған майдангер қарияның әрбір сөзі өскелең өренге өнеге. «Шырақтарым қазіргі күніме мыңда бір шүкіршілік етемін. Тәуелсіз елміз. Бейбіт өмірде, ынтымағы жарасқан жерде ғұмыр кешудеміз. Кейінгі ұрпақ осы тыныштықтың қадірін білсе игі», – деді майдангер ақсақал.
Сұрапыл соғыстағы ерен еңбегі еленіп «Варшаваны азат еткені үшін» және Гомелді азат етуге қатысқаны үшін «Қызыл жұлдыз» ордені, «Берлинді алуға қатысқаны үшін» медальімен наградталған. Оған қоса, «Ұлы Отан соғысының І-ІІ-дәрежелі, «Суворов», «Жеңіс күні», «Жуковтың 70 жылдық» медальдары тағы бар.
Майдан даласынан әуе атқышы болып елге оралған Нұрман Асанұлы туған жер топырағы Талап кеңшарында ауыл шаруашылығы саласында абыройлы қызмет еткен.
Ия, осындай батыр аталарымыздың өмір жолы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, Отанды сүюге тәрбиелеуге өнеге болары сөзсіз. Жеңіс жолын жақындатқан жауынгер аталарымыздың Жаратқан күш-жігерлерін арттырып, жасампаз еліміздің жарқын істерінің куәсі болып, ортамызда аман-есен жүре берулеріне тілекшіміз. Расында ардақты ардагерлеріміздің ерлігін үнемі жадымызда жаттап, олардың тарихи тағылымын есте ұстау-бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
09 мамыр 2019 ж. 992 0