ЖАСАМПАЗ ЕЛДІҢ ЖАРҚЫН ІСІНЕ КУӘ БОЛУДАМЫЗ
Ел басына қиын-қыстау күн туғанда айбыны мен айбатын, алғырлығы мен алымдылығын сарқыған жайылмалық Айтіміш Матенұлы атамыз отты жылдары майдан даласының ортасынан табылды. Жалпы ардақты майдангерлердің ерлігін үнемі жадымызда жаттап, олардың тарихи тағылымын есте ұстау-бүгінгі ұрпақтың басты міндеті. Соғысқа 1943 жылы алынған Айтіміш ата Украина майданында болған. 1944 жылы неміс самолетінің бомбасы әсерінен Житомир қаласын азат ету шайқасында жарақат алып, елге оралған. «Қызыл жұлдыз» ордені мен тағы да басқан мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін ауыл шаруашылығы, ағартушылық саласында жұмыс жасаған.
Бүгіндей бейбітшілік заманның берекесін тілеп отырған майдангер қарияның әрбір сөзі өскелең өренге өнеге. «Шырақтарым қазіргі күніме мыңда бір шүкіршілік етемін. Тәуелсіз елміз. Бейбіт өмірде, ынтымағы жарасқан жерде ғұмыр кешудеміз. Кейінгі ұрпақ осы тыныштықтың қадірін білсе игі. Елбасы біреу, қалғанымыз оған тіреу болып, межелеген отыздыққа енуге ерен еңбек етулеріңіз ләзім – деп, бұрнағы майдангер атамыз, бүгінгі батагөй қариямыз сөзін түйіндеді.