№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 19 ЖАСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ҚАЙСАР ҚЫЗ

19 ЖАСЫНДА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ҚАЙСАР ҚЫЗ

   Өткен күнде белгі жоқ десек те, өмір өткен күндермен қатар, есте қалған кезеңдерден құралады. Адамның есте қалған кезеңдері–айналасына тигізген шапағаты, ел үшін сіңірген еңбегі ұмытылмайтын ардақты істері. Біздің де сөз еткелі отырғанымыз Отан үшін от кешкен оғаландарды ардақтау һәм олардың ерліктерін ұлықтау. Жеңіс күнін жақындатқан барлық жауынгерлердің ішінде бұрымдылардың да еңбегі ерен. 1941-1945 жылғы бүкіл адамзаттың мәңгі есінде қалатын, баланы әкесіз жылатқан, ананы перзентсіз аңыратқан, келіншекті жесір қалдырып зарлатқан, сұм соғыс жаңақорғандықтардың да жүрегіне от салды. Сұм соғыста ерлермен қатар әйелдер де қару ұстап, жеңісті жақындада түсті. Солардың бірі – Разия Ысқақова.

   Дерек көздеріне қарағанда, Разия Ысқақова 1922 жылы Жайылма ауылында дүниеге келеді. 1938 жылы Шымкент қаласындағы Медициналық училищеге оқуға түседі. Оны 1941 жылы үздік бітіріп, фельдшер мамандығы бойынша жұмысқа араласады. Осы кезде екінші дүние жүзілік соғыстың негізгі майданы басталады. Отаншыл қазақ қызы соғыс комиссариятына өз еркімен барып, соғысқа сұранады. Осылайша 1941 жылдың қазан айында әскери-фельдшер болып, соғыс майданына аттанады.
Сол кезде Разия 19 жаста еді. Ол атақты Сталинград қанды қырғын шайқасында фельдмаршыл Паульестің армиясының толықтай талқандалуына қатысады. Кейіннен Харьковті, Киевті, Варшава қалаларын азат етуге қатыса жүріп, жараланған Совет солдаттарын жау оқғының арасынан алып шығып, ерлік жасайды.
Берлин шайқасына да қатысады. Сталинградтан басталған соғыс жолымен Берлинге дейін барған РазияБранденбург қақпасында өмірлік жолдасы Қали Әлиярұлымен кездеседі. Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерен еңбегі үшін Дүниежүзілік Халықаралық Қызыл Крест комитетінің жоғарғы наградасы «Флоренс Найтингель» медалімен Қазақстан бойынша 3 фельдшер марапатталса, соның бірі – Разия Ысқақова еді.
Совет Одағы Разияның жасаған ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, тағы да басқа бірнеше медальдармен марапаттады. Елге жеңіспен оралған Разия Ысқаққызы зейнеткерлікке шыққанға дейін, Шымкент қаласындағы №2 емханада медбике қызметін атқарды. Қазіргі кезде Разияның суреттері мен өмір жолдары жайлы құжаттар Лондон мен Москвада, Көкшетау мен Шымкент мұражайларында тұр. Ұлы Отан соғысының ардагері Разия Ысқаққызының ерліктеріне тиісті бағасын беру, аудан әкімдігі мен аудандық әскери комиссариаттың құзырында. Қорыта айтқанда, сол бір сұм соғыс жылдарындағы отты күндер адамзат санасынан еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа буын ұрпаққа өсиет. Жеңісті жақындатқан жауынгерлерге қандай құрмет көрсетсек те лайықты.

Дайындаған
Тасболат ТӨРЕБАЙҰЛЫ,
еңбек ардагері.


07 наурыз 2019 ж. 1 542 0