№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жаңақорғанда демалуға болатын 5 жер

Жаңақорғанда демалуға болатын 5 жер

Тұмса табиғат, саф ауалы туған жеріміздің өзгелерге мақтана айтар жетістігі аз емес. Аспанмен таласып өскен Қаратауымыз көктем келгеннен күлімдеп, бар қазаққа құшағын ашқандай сыр ақтарса, сыңғырлаған Сырдария сырбаз сырын шашып тұр. Қара лайы қалың қазаққа ем болған «Шипажай» шипасын дарытып, жаураған жанға жылулық сыйлауда. Олай болса, осынау келісті теңеулерден соң, ауданымызда демалыс өткізуге болатын жайсаң жерлерге тоқталсам.

1.Қойнауы құтқа толған Қаратау. Тау бөктері қып-қызыл қызғалдаққа малынып, көз жанарын еріксіз баурап тұр. Төскейінде төрт түлік асыр салып, жасыл шөпке аунап-қунап жатқанды. Әсіресе, Үсен бауы күн ысып, жеміс піскенде таптырмайтын жұмақ мекен. Жемісі жерге шашылып, ағаштары жанға сая болады.

2.Сырдария жағалауы. Судың аққан сылдыры мен мөлтілдеген мөлдірінен терең ой алып, қуаттанатын шығармашылық адамдар үшін керемет орын. Алайда, судың да перісі бар дегенді әсте ұмытпаған жөн.

3.Шипажай. Айтпаса да аты әлемге әйгілі шипажайдың табиғаты тамаша. Көрген көзді еріксіз баурап, өзіне тәнті етеді. Келген келушілерін жоғары мәдениетті қызметімен қарсы алатын шипажайға бүгінде шетелдіктердің өзінің сұранысы жоғары.4.Сарыағаш суынан кем түспейтін – Апанқақ. Түгіскен массивіне қарасты жерде орналасқан минералды су 800 метр тереңдіктен атқылап шығып жатыр. Бұл - өте таза су, ыстық және құрамында сынап пен йод бар. Сондықтан да, түрлі аяқ-буын, суық ауруларына ем. Алайда, жолдың нашарлығынан аталмыш мекенге бару едәуір қиындық туғызады. Барар жолы дұрысталса, нағыз туризмнің көзіне айналар қасиетті мекен.

5. Ақтастағы атақты су. Айқожа-Ишан кесенесі орналасқан қасиетті мекенде Алланың құдыретімен жерден атқылап шыққан су қақаған қыста да шомылған адамды жауратпайды. Әсіресе, тері ауруларына пайдасы көп. Бірақ, мұндай киелі суларға жуынатын химиялық заттарды қолдануға мүлдем болмайды.

Ханзада ДОШАН.
29 сәуір 2019 ж. 1 873 0