№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ШИПАЖАЙ: БАҒБАНДАР ҮШ ЖҮЗДЕН АСТАМ БАЛҚАРАҒАЙ ӨСІРГЕН

ШИПАЖАЙ: БАҒБАНДАР ҮШ ЖҮЗДЕН АСТАМ БАЛҚАРАҒАЙ ӨСІРГЕН


ҚР Кәсіподақтар Федерациясының бағамдауынша, Жаңақорған шипажайы еліміздегі қара батпақпен сылау арқылы емдеуден озық болып қана қоймай, шипажай маңын көкжелектендіруден де алдыңғы үштіктен көрінді.

Жаңақорған шипажайының бағбандары өткен жылы демалыс аймағына 180 түп Эльдар қылқан жапырақты балқарағайын ексе, биылғы жылы да сол үрдісті сақтап 100 түп Эльдар балқарағайын, 50 түп Крим қарағайын отырғызды. Шипажай ғимараттарының алдын 300 дана шай түсті Раушан гүлдерімен көмкерілді.
«Жаңақорған» шипажайының аға бағбаны Камила Әбжәлелованың айтуынша, күні бүгінге дейін емдеу кешенінің айналасына егілген бес мың түптей балқарағай, шырша, жеміс ағаштарынан алма, жиде, шие, өрік ағаштары жайқалып тұр. Бұл өз кезегінде шипажайда емделушілердің жұпар иісті ауамен еркін тыныстауына, табиғатты тамашалауына мүмкіндік ашады.
Қазіргі таңда «Жаңақорған» шипажайының даңқы алысқа кетіп жатыр. Қазақстанның өз ішінен Маңғыстау, Атырау, Жезқазған облыстарынан жыл бойы емделушілер келсе, соңғы жылдары Қытай, Түркия, Ресей мемлекеттерінен де келушілер қатары көбейе түсті.
Шипажайда қалыптасқан дәстүрдің бірі, дәрігерлер мен техникалық мамандар қосылғанда 230-дан астам қызметкері жұмыс киімдерімен шығып, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері сенбілік жасап, басшыдан ең төменгі қызметкерлерге дейін қатысып, шипажай айналасын қоқыстардан тазартып, көкжелектендіруге ұйымдасқан түрде атсалысады.
Кәмила Әбжәлелова соңғы жылдары шипажай маңына балқарағайларды көптеп отырғызуға бағыт алынуының себебін жылдың төрт мезгілінде жасыл қалпын сақтап қана қоймай, шыршаға қарағанда қылқаны ұзын, жуандау келгендіктен көміртекті бойына көбірек сіңіріп, ауаны тазартатындығымен байланыстырады. Жас көшетін ашық күн көзіне, құнарлы топыраққа отырғызу керек. Жыл сайын көктемде қылқанжапырақты ағаштарға арналған минералды заттармен қоректендірген жөн. Қоректік заттары жеткілікті қарағай қылқанының түсі қанық болады. Кейбір жұмсақ қылқанды түрлері қысқы суыққа шыдамсыз келеді. Көгалдандыруда оларды түрлі сәндік композицияларға қолдануға болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады. Қарағайдың бүршіктерін, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және аурудың алдын алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады. Сондай-ақ, Жаңақорған құмшауыт жерде орналасқандықтан өңірді шаң-тозаңнан тазартуға, құм тоқтатуға да әсері мол.

Ескендір ЕРТАЙ.

06 сәуір 2019 ж. 1 162 0